Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2021

Жаңа Қаулы. Вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е.Қиясовтың жаңа Қаулысы шықты, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа Қаулы. Вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді

«Интернаттар мен жатақханаларда тұратын студенттер 14 күндік карантинде оқшаулауда болған уақытта тұрақты тұратын орындарға немесе өзге де орындарға шығуға жол берілмейді», деп жазылған Қаулыда.

Сонымен қатар онда профилактикалық егулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциясының профилактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту тапсырылған.

COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған қызметкерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеу талап етілді. Бұл талаптың тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарға қатысы жоқ.

Қаулының толық нұсқасымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтынан танысуға болады.