Елордалық хоккейшілер жаңа маусымның бірінші матчында өз алаңында «Салават Юлаев» командасын жеңе алмады. Уфадан келген қонақтар алғашқы екі кезеңде үш шайба соқты.
Үшінші кезеңнің басында «Барыс» алға ұмтылып, өз активіне голдық нүктені Якоб Лилья жазды. Бірақ көп ұзамай Уфа хоккейшілері мұз иелерін жеңе алды, төртінші шайба Сергей Шмелевтің есебіне жазылды.
Матчтың соңғы нүктесін хет-трик жасаған Николай Кулемин қойып, нәтижесінде 5:1 есебімен қарсылас команда ұтты.
«Барыстың» келесі ойыны 5 қыркүйекте өтеді. Елорда төріне Магнитогорск қаласынан «Металлург» келеді.