Спорт • 05 Қыркүйек, 2021

Щучинскте шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Гран-при сериясы басталды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Щучинск қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Гран-при сериясы басталды деп хабарлайды Egemen.kz.

Щучинскте шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Гран-при сериясы басталды

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық Сергей Ткаченко К-90 тұғырынан секіруден алтыншы орын алды. Ол 234,4 балл жинады. 

Бірінші орынды норвегиялық Халвог Эгнер Гранеруд (258,6), екінші орынды оның отандасы Мариус Линдвик (249,2) иеленді. Қола медаль Владимир Зогравски еншісінде (245,9).