Президент • 06 Қыркүйек, 2021

Білім сапасын көтеру назарда болуы керек

440 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауы түрлі мәселелердің түйінін шешуге ықпал ететін маңызды һәм мазмұнды құжат деп ойлаймын. Оның ішінде ғылымды дамытуға баса назар аударғаны қуантты.

Білім сапасын көтеру назарда болуы керек

Елдің болашағы біздің білімі­міз­дің деңгейіне, біліміміздің бү­гін­­гі заман талабына сәйкесті­лігі­не байланысты. Осы тұрғыдан ал­ғанда әр Жолдауда біз білім мәсе­лесіне көңіл бөлеміз. Бүгін әлемде жоғар­ы білімнің моделі жоқ. Амери­калық модель, Еуропалық модель бар. Еуропалық дегеннің өзінде біз соңғы уақытта Болон процесі туралы көп айттық. Болон процесінің өзі Италияда – бір форматта, Францияда – екінші форматта, Ұлыбританияда – үшінші форматта, Ресейде – мүлдем басқа форматта. Ал енді осылай әртүрлі білім модельдерін көре отырып, Қазақстан білім саласындағы әлі де болса өз жолын, өз мүмкіндігін таба алмай жүр. Себебі еліктеу көп. Және жаңа министр келген сайын білім саласына жаңа бір модель, жаңа бір үлгіні алып келеді. Со­дан білім саласы ақсап тұр. Бел­гілі бір ұстаным, белгілі бір саясат бол­мағаннан кейін білімнің өзінде де, жоғары оқу орындарында да түрліше алаңдаушылық болады.

Сонымен бірге ең бір үлкен мәселе – білімді қаржыландыру. Әрине, елімізде дәулетті, ақшалы от­­басылар бар. Олар өздері­нің бала­ларын ақылы оқуға жі­беруге мүм­­кіндігі жеткілікті. Бірақ бүгінгі оқып жат­қан студенттердің негізі, басым көп­шілігі ата-аналардың есебі­нен оқып жатыр. Сондықтан әлі де бол­са білімді қаржыландыру, грант­тарды әлі де болса көбейту кезек күттірмеу керек. Бұл – бір. Екін­шіден, сол грантта оқитын сту­денттердің мүддесі өз алдына, Үкіметтің мүддесі өз алдына. Себебі Үкіметке техникалық, бас­қа да мамандар керек болса, ал жас­тар сол мамандыққа бармай­ды. Еңбектері бағаланбайды. Қазір бірқатар білімді мамандар елімізден кетіп жатыр. Кеңес өкіметі кезінде білімді адам­дарды пайдаланды, оларға жұмыс та­уып берді, ғылымға қызық­тырды, қолдады. Сол мамандар елдің экономикасын көтерді. Сон­дық­тан осы білім саласындағы адам­дар­дың бір жағынан білім сапасын көтеріп, екінші жағынан әлеу­мет­тік жағына қолдау көрсету үлкен мәселе деп ойлаймын. Осы жөнін­де, әрине, Президент әлі де дәлдеп айтқан жоқ. Бірақ түсінікті.

Білім саласы әлі де болса тоқы­рау­дан шыға алмай жүр. Қазір жоға­ры білім жаппай білім болып кетті. Бір кездері бастауыш білім жаппай болды, сегіз жылдық білім алу жаппай болды, орта білім алу жаппай болды. Бүгін жоғары білім алу жаппай сипат алуда. Барлығы дерлік жоғары білімге ұмтылады. Осыдан барып білімнің сапасы төмендейді.

Қазір мен университетте дәріс оқимын. Байқайтыным, көптеген студентте «білім алып жүрміз» дегендей ишарат қана бар, ал шын мәнінде терең білім алып жүрген жоқ. Ал ол шын мәнінде білім алып жүр ме?! Жай ғана мысал, студентке курс жұмысын мынадай тақырыпта жаз десең, екі сағаттан соң интернеттен алып келеді. Дипломдық жұмыс жаз десең, бір күнде ғаламтордан тауып келеді. Диссертация да сол. Сондықтан осы жүйені жетілдіру, оқушыны, студентті, магистрантты, докторантты іздендіру, жаңа ізденіске бағыттау – бұл да үлкен мәселе.

Тағы бір маңызды мәселе – уни­­вер­ситет қабырғасындағы док­то­рант­тар, кандидаттар, профессор­лар бүгінгі заман талабына сай ұс­тазд­ар ма, әлде жай ғана сабақ беру­шілер ме?! Меніңше, бұл Жол­дауда Президент үлкен бір мәсе­ленің шетін көтерді. Жә­не бұл – биыл емес, бүгін емес, ұда­йы ай­тылып келе жатқан мәсе­ле. Сон­дықтан жаңа заманға, жаңа талап­қа сай болу үшін бірін­ші білім саласын жетілдіруді Мем­лекет басшысы меңзеді. Жолдау бар­лы­ғын түсіндіріп, айтып бере­тін емес, бұл ойландыратын, ізденді­ретін құжат.

 

Амангелді АЙТАЛЫ,

философия ғылымдарының докторы, профессор

 

Соңғы жаңалықтар