Президент • 06 Қыркүйек, 2021

Жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін құжат

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент өз Жолдауында Қазақстанда агломерациялар мен қалалардың кешенді құрылыстарын дамыту туралы заң қабылдау керек екендігін атап айтты. Бұл – өз уақытында қойылып отырған өзекті мәселе.

Жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін құжат

Урбанизация – қоғамның дамуын­дағы қалалардың, қалалық мәдениет­тің және «қалалық қатынастардың» рөлін арттыру, шоғырлану тек қалада ғана емес, сондай-ақ ауылдық жерлерге жұмыс күштерін қайтару мәселесі қажеттілігінен  туындап отыр. Ауылды сақтап қалу керек. Ауыл агломерациясын кешенді түрде қайта жоспарлау көзделіп отырған мәселе. Өткен ғасырдағы нормативпен салынған қалақұрылысы мен ауылдық жерлердегі шашырап жатқан кішігірім ауылдардың инфра­құрылымын қайта қарауды талап етеді. Білім саласындағы реформа ауылдық жерлерде өзекті болуына байланыс­ты, қала-ауыл деп бөлмей, білім сапа­сының еліміз бойынша бір­ың­ғай жүйеде болғаны маңызды. Сон­­дай-ақ жаңа IT-технологиясын елі­міз­де дамыту қажеттілігі бойынша Пре­зи­дент өз Жолдауында мәлімдеп өтті.

Ауылдық жерлерді ықшамдап бір жүйеге келтіру, экономикалық жағынан тиімді болатыны анық. Қала құрылысында жаңа архитектура жүйесі әлеуметтік салт-дәстүрді сақтау, халқымызға тән бейбітшілік, тыныштық, сабырлық, сыйластық қоғамды қалыптастыруға әсерін береді. Сонымен қатар мүсін­шілер тек демеушілер тарапынан ғана емес, мем­лекет тарапынан да қолдау көруі керек деген сөз жанға жағады.

Қысқасы, Президентіміздің Жол­дауында айтылған барлық мәселе елімізді жаңа белестерді бағындыруға жетелейді деп сенемін.

 

Жандарбек МӘЛІБЕКҰЛЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, Мемлекеттік Елтаңбаның авторы

 

Соңғы жаңалықтар