![Үлкен бетбұрыс үрдістері](/media/2021/09/06/crop-4_17_221x293_rjlc8n8aafhi69iebmjp-cropped.jpeg)
Халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатындағы саяси реформалардың бір көрінісі былтырғы зейнетақы жинақтарын пайдалану тетігін ұсынуы нақты нәтижеге қол жеткізді. Бұл халықтың жағдайының неғұрлым түзелуіне оң әсерін тигізді. Сонымен қатар жердің шетелдіктерге сатылуына тыйым салынып, қол қоюы да халықтың көңіліндегі күдігін сейілтті. Дегенмен қоғамдағы келеңсіз жағдайлардың да төбе көрсетіп жатқаны белгілі. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидиянның талан-таражға түскенін айта келіп, бұдан былай субсидияны рәсімдеу ашық әрі қолжетімді болатынын ескертті.
«Әлеуметтік бағдарламаларды жеке мүддесіне пайдаланғандар, ұлттық экономикаға пайда әкелмейтін жобаларға қаражаттардың бөлінетіндігіне тоқтау болады, мемлекет банктерге көмек бермейді», деді Президент.
Ғылымды дамыту, халықтың денсаулығын сақтау, экология, ауыз су мәселелерінің шешімін табу мақсатында Үкіметке тапсырмалар берді.
«Хан қасында ақылды би болса, қара жерде кеме жүргізеді». Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әр Жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынады. Жаһандық кезеңде бас сауғалаудың мүмкін еместігіне көз жеткізіп отырмыз. Жүз мыңдаған жоғары білікті ІТ-мамандардың тапшылығы қоғам дамуын тежейтіні де рас. Жолдаудағы мақсат-мүдде – үлкен бетбұрыс! Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет болғанда төрт аяғы тең түсетініне сенім мол.
Роза МҰҚАНОВА,
жазушы-драматург,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты