Әлем • 06 Қыркүйек, 2021

Дауылдан қаза тапқандар саны 60-қа жетті

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та «Ида» дауылы Луизиана мен Миссисипи штаттарын шығынға ұшыратты. Сондай-ақ тропикалық дауыл салдарынан Нью-Йорк пен Нью-Джерси штаттары да қатты зардап шеккен. Қаза тапқандар саны 60-қа жетті.

Дауылдан қаза тапқандар саны 60-қа жетті

Тұрғындар қазіргі таңда қоқыстарды тазартуға кірісті. Әзірге елдің солтүстік-шығысындағы штаттарда 50-ден астам адам қайтыс болған. Басқа штаттарда да бірнеше адам бақиға аттанған.

Дауыл салдарынан қоғамдық көліктер тоқтап қалды. Қазір АҚШ-та «Еңбек демалысын» атап өтіп жатыр. Нью-Йорк қаласының операторлары жұмыс күні басталғанға дейін кейбір қалааралық желілерді қалпына келтіруге уәде берді.

Луизиана штатында электр жарығы бол­мағандықтан, көп адам жанармай құю бекет­терінде ұзақ кезекке тұрып, генераторларға жанармай іздеуге мәжбүр. Жарық келесі аптаға дейін жанбайды. Ақ үй алдағы уақытта дауылдан келген зардаптың көлемін есептеуге кірісетінін хабарлады.

Президент Джо Байден дауылдан кейін халыққа Жолдау арнап, онда бірқатар мәселеге тоқталды.

«Ида» дауылы, елдің батысындағы орман өрттері мен Нью-Йорк пен Нью-Джерсидегі бұрын-соңды болмаған су тасқыны – климат дағдарысы келіп жеткенін көрсетеді. Мұндайға дайын болуы­мыз керек. Сондықтан әрекет ететін кез келді», деді Ақ үй басшысы.