«Жәдігерлер қазіргі Иракта орналасқан археологиялық мекендерден табылған. Месопотамиядан ұрланған ескерткіштер әлемдік мәдени құндылықтар санатына енеді», делінген полиция таратқан мәлімдемеде.
Заттар Норвегияның оңтүстік -шығысындағы коллектордың үйін тінту кезінде тәркіленді. Билік енді олардың түпнұсқалығын анықтамақ. Ирак билігі Норвегияның Мәдениет министрлігіне өтініш жасап, жәдігерлерді қайтаруды сұраған.
«Қайтару процедурасы басталды. Бірақ алдымен бұл объектілердің шығу тегі мен түпнұсқалығын анықтау үшін сараптамалық тексеру жүргізілуі керек. Ал Ирак билігі өтінішін ресми түрде беруі тиіс», дейді прокурор Мария Баче Дал.
Полиция бұл заттардың Еуропаға қалай келгенін, қашан жеткізілгенін айтқан жоқ.