Әлем • 06 Қыркүйек, 2021

«Талибан» Панджшер тұрғындарына қысым жасалмайтынын айтты

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Талибан» қозғалысының өкілі Забиулла Муджахид Панджшер провинциясын толығымен басып алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

«Талибан» Панджшер тұрғындарына қысым жасалмайтынын айтты

«Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тәлібтердің соңғы әрекеттері нәтиже берді. «Жалдамалы жаулардың соңғы тірегі» болған аймақта толық бақылау орнатылды», деп жазды Забиулла Муджахид өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Муджахид кейбір көтерілісшілер шайқастарда жеңілгенін, ал басқалары қашып кеткенін де атап өтті.

Сонымен қатар «Талибан» өкілі Панджшер тұрғындарына қысым жасалмайтынына сендірді.