Оқиға • 06 Қыркүйек, 2021

Каспий теңізінде жоғалған катерде 7 адам болған

991 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейде Волгоград-Махачкала бағытымен жолға шыққан "Корвет-750-А" жеке катерінде 7 адам болған, үшеуі бала, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каспий теңізінде жоғалған катерде 7 адам болған

Олар туыстарымен 3 қыркүйек күні хабарласқан. Волго-Каспий теңіз кеме өтетін арнаның 135-шақырымынан соң байланыс үзілді.

Шекарашылар катерді Дағыстаннан тапты.

6 қыркүйек Мәскеу сағаты бойынша таңғы 7.00-де Дағыстан республикасының шекара басқармасының қызметкерлері "Корвет-750А" катерін тапты. Жолаушыларға медициналық көмек қажет болмаған.