5 қыркүйекте Алматы және Байқоңыр ауданында орналасқан екі мекемеде санитарлық талаптар бұзылғаны анықталды.
Сенбі күні 8 мекеме бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды сақтаған жоқ. Ал ертеңінде 6 мекемеде карантин режимінің бұзылғаны анықталды. Сонымен қатар, тексеру кезінде «Horeca» мейрамханасында 60-қа жуық адам болған, бұл карантин жағдайында рұқсат етілмейді. Себебі мұндай жағдайда әлеуметтік қашықтық сақталмайды.
«Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді», деп жазады қала әкімдігінің ресми сайты.