Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2021

Павлодарда қайғылы жол апаты орын алды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда жеңіл автокөлік тізгіндеген мас жүргізуші ағашқа соғылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда қайғылы жол апаты орын алды

«5 қыркүйек күні сағат 04:00-де Павлодар қаласындағы Бакинская-Сураганов көшелерінің қиылысында Opel Frontera автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, ағашқа соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1986 жылы туған жолаушы оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жүргізуші көлікті басқару кезінде мас болғаны анықталды.

«Жүргізушінің барлық туыстары ер адамның бұл күйде көлік жүргізетінін білді, бірақ оны ешкім тоқтатқан жоқ», деді баспасөз қызметі.

Көлік арнайы айып тұрағына жеткізілді. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі қылмыстық тергеу басталды. Ал жолаушы өмірін қиған мас жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35