Оқиға • 06 Қыркүйек, 2021

Психотропты зат сатқан Өзбекстан азаматшасы ұсталды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Жұмыскер мөлтек ауданына есірткіге ұқсас зат жасырып кеткен Өзбекстан елінің 22 жастағы азаматшасын ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Психотропты зат сатқан Өзбекстан азаматшасы ұсталды

Күдіктінің жасырғаны “Альфа-PVP” психтропты заты екені белгілі болды. Айтуынша, ол оны Telegram желісі арқылы сатып алған.

«Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.