Әлем • 06 Қыркүйек, 2021

G20 елдері жаңа пандемияға дайындала бастады

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

G20 Денсаулық сақтау министрлері Римде кездесті. Бұл қазан айында Италияда өтетін «Үлкен жиырмалық» көшбасшыларының саммиті алдындағы кездесулерінің бірі, деп жазады Egemen.kz.

G20 елдері жаңа пандемияға дайындала бастады

Кездесудің басты ұраны - денсаулық саласындағы дағдарыстармен күрес және «бұрынғысынан да жақсы қоғам құру». Екі күнге созылатын келіссөздер үш бөлімнен тұрады.

Бірінші сессияда пандемияның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму бағдарламасына әсері бағаланды. Екінші сессияда проблемаларды шешуге, болашақтағы пандемияның алдын алуға, оларға дайындыққа қатысты нақты ұсыныстар әзірленеді.

«Бұл кездесу кейбіреулерді аздап алаңдатады. Себебі аталған мәселенің G20 кездесуінде қаралуы - болашақта тағы осындай пандемия болуы мүмкін екенін жоққа шығармайтынын көрсетеді», деп жазады Euronews.

Үшінші сессияда министрлер қазіргі пандемиямен күресте тиімді механизмдерді қарастырады. G20 мүшелері  даму мен вакцинаны елдер арасында әділ бөлісуді қолдайды.