Медицина • 06 Қыркүйек, 2021

Қан тапсырғандарға қанша өтемақы беріледі?

1848 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі қан тапсырғаны үшін донорға берілетін тегін тамақтың ақшалай баламасының мөлшерін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Қан тапсырғандарға қанша өтемақы беріледі?

«Қанды және (немесе) оның компоненттерін донациялауды өтеусіз негізде жүзеге асырған донорға берілетін тегін тамақтың ақшалай баламасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1,5 мөлшерін құрайды», делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған бұйрық жобасында.

Биыл 1 АЕК 2917 теңге екенін ескерсек, бұл сома 4375 теңгеге жетеді.

Айта кетері, қазір өтеусіз негізде қан тапсыратын донорға берілетін тегін тамақтың ақшалай баламасы 0,25 АЕК немесе 729 теңгені құрайды.

Түсіндірме хатта айтылғандай, Ресейде донорға 1200 руб ≈ 6800 теңге, Беларусьте 31,55 бел.руб ≈ 5 045 теңге беріледі. Ал Германияда тегін тамақтан бөлек, 40 еуро ≈ 20 200 теңгеге дейін алуға болады.

«Қазақ тағамтану академиясының» ұсынымдарына сәйкес, донорлар қан тапсырған күні ақшалай баламасы 1,5 АЕК немесе азық-түлік жиынтығы 4790 ккал болатын тағам рационын алуы керек», делінген құжатта.

Жобаны қоғамдық талқылау мерзімі 20 қыркүйекке дейін созылады.