Павлодар облыстық қаржы полицейлері Павлодар аудандық әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады.
Қарап тұрсаң, қолды болған қаражаттың қарасы бөлек. Ол артық-кемі жоқ 133,6 млн. теңгені құрайды. Аудандағы атқамінерлердің бюджеттің осыншама қаржысына қымсынбай қол сала алғанына бір жағы қатты қайран қаласың. Оларға Павлодар аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің бастығымен алдын ала қылмыстық келісімге келе отырып, «Ақ бұлақ», «Балапан» және «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламаларына бөлінген қаржыны талан-таражға салды деген күдік таңылып отыр.

Айта кетейік, өткен жылғы қарашада Павлодар аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің бастығы Көпешевке осы ауданның Заря ауылындағы екі пәтерлі үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы активтерін заңсыз алды деген айып тағылған болатын. Ал биылғы жылдың 16 қаңтарында оған қатысты «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында қызметтік өкілеттігін пайдаланып, бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша бірнеше қылмыс қозғалды. Бұл жолы аудандағы бірқатар ауылда 6 пәтерлі үйді және электрмен жабдықтауға арналған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды сатып алуға бөлінген 98,8 млн. теңгені жұмыстардың орындалуы туралы жалған актілер жасау арқылы алған деген айып тағылуда.
Тағы бір дерек, биылғы 16 қаңтарда аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Г.Арыстанбековаға қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Оған 2009 жылы аталған бөлімнің бастығы міндетін атқару кезінде «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Чернорецкое ауылындағы балабақшаны жаңғыртуға бөлінген 1,1 млн. теңгеден астам қаржыны жұмыстардың орындалу актісіне жалған мәліметтер енгізу арқылы ұрлады деген айып тағылған.
Қазір қылмыстық істі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Құрыш НҰРЫМБЕТ.