Әлем • 06 Қыркүйек, 2021

Жапония үкіметін әйел басқаруы мүмкін

605 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның бұрынғы Ішкі істер және коммуникациялар министрі Санаэ Такаити Жапонияның алғашқы әйел Премьер-Министрі болуға ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Жапония үкіметін әйел басқаруы мүмкін

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Жапонияның билеуші Либералды-демократиялық партиясының (ЛДП) басшысы лауазымына Санае Такаитидің кандидатурасына елдің бұрынғы Премьер-Министрі Синдзо Абэ қолдау білдірді.

Абэ тарапынан қолдау Такаитидің партияның көрнекті мүшелерінен 20 ұсыныс алу мүмкіндігін арттырды, бұл партия басшысы лауазымына кандидатураны ұсынудың қажетті шарты болып табылады.

Үкімет жарысына қатысқысы келетін тағы бір әйел Сейко Нода - бұрынғы Ішкі істер министрі, ол сонымен бірге әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту министрі қызметін атқарды.

Ол 2015 жылы ЛДП президенттігіне үміткер болғысы келгені туралы хабарланған, бірақ оған қажет 20 қолдаушы жетіспеді.

Бұған қарамастан. олардың жетістікке жету мүмкіндігі өте төмен деп бағаланады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, жапондық сайлаушылар келесі Премьер-Министр лауазымына Covid-19 вакцинациясы министрі Таро Кононың кандидатурасын ерекше қолдайды. Алайда Кононың өзі басқарушы ЛДП басшылығына қол жеткізу ниетін растамай, шешім қабылдамас бұрын партиядағы әріптестерімен кеңескісі келетінін журналистерге айтты.

Бұрынғы Қорғаныс министрі Шигеру Исиба және ЛДП саясатының жетекшісі Хакубун Симомура да өз кандидатураларын ұсынды. Бұрынғы Сыртқы істер министрі Фумио Кисида да сайлануды жоспарлап отыр.

Еске сала кетсек, 3 қыркүйекте Жапонияның қазіргі Премьер-Министрі Есихидэ Суга елдегі эпидахуалға байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді.