Әлем • 06 Қыркүйек, 2021

Ауғанстанның бұрынғы вице-президенті Тәжікстанға қашып кетті

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстанның бұрынғы вице-президенті Тәжікстанға қашып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауғанстанның бұрынғы вице-президенті Тәжікстанға қашып кетті

Бұл туралы Reuters агенттігі мәлім етті.

Ауғанстанның бұрынғы вице-президенті Амрулла Салехтің Тәжікстанға ұшып кеткені туралы хабар 4 қыркүйекте пайда болды. Үндістанның Times Now телеарнасы Республиканың бұрынғы вице-президенті ұлттық қарсылық майданы жетекшілерімен көрші елге барғанын хабарлады.

«Талибан» қозғалысының өкілі Забиулла Муджахид оған Амрулла Салех пен Панжшердегі қарсылық жетекшісі Ахмад Масуд Тәжікстанға ұшып кеткені туралы жеткізгенін айтты.

Алайда саясаткердің нақты орналасқан жері әлі жарияланған жоқ.