Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында айтылған міндеттердің шешімі Қарағанды облысы әкімдігінде өткен актив жиынында талқыланды.

Жиын барысында белгілі болғандай, таяу күндері Жолдаудағы міндеттерді орындау бойынша арнайы жоспар қабылданады. Бұл құжатта өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар қарастырылатын болады.
Қазіргі таңда экономиканы әртараптандыру аса маңызды міндеттердің бірі болып тұр. Бұл Қарағанды сияқты индустриялық облыста айрықша қажет қадам. Мысалы, Қарағанды қаласын логистикалық орталық ретінде дамыту қолға алынса, моноқалаларды заманауи өндіріс орындарын іске қосу стратегиясы арқылы өркендету жоспарланған.
Жалпы, Қарағанды облысы бойынша 2025 жылға қарай төртінші индустриялық революция аясында 10-ға жуық кәсіпорынды жаңғырту және жаңарту, сонымен бірге бірқатар инновациялық жобаларды іске қосу жоспарда бар. Осы орайда Теміртау, Жезқазған, Балқаш және Саран қалаларында дамудың басым бағыттарын құру мүмкіндігі сөз болды. Ауыл шаруашылығы саласында да атқарылуы тиіс зор міндеттер күтіп тұр. Атап айтқанда, жайылымдық жерлерді суландыру және тозған жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын күшейту күн тәртібінен түспеген мәселе.
Әлеуметтік сала бойынша да шешімін күткен бірталай мәселе бар. 2025 жылға қарай 299 ауылдық мектепті жаңарту жоспарланған. Білім берудің қолжетімділігін арттыру бағытында облыста 10 жаңа нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде ауылдық жерде салынып жатқан 3 мектеп бар. Мектептердегі білім сапасын жақсарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы жүзеге асырылмақ. Колледждерде мамандарды даярлау еңбек нарығының талаптарын ескере отырып ұйымдастырылады. Тек биылғы оқу жылының өзінде 10 жаңа мамандық ашылды.
Сондай-ақ актив жиынында облыстың қалалары мен ауылдарын сумен қамтамасыз ету көрсеткішін 2025 жылға қарай қазіргі 96,3%-дан 100%-ға дейін арттыру жоспарланғаны айтылды. Биылдың өзінде сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысы бойынша 35 жоба жүзеге асуы тиіс. Ал 2021 жылдың соңына дейін қамту 97%-ға дейін артады деп күтілуде.
Жиында төрағалық еткен облыс әкімі Жеңіс Қасымбек «Бірыңғай геологиялық қызмет құру» бастамасының маңыздылығына мән берді.
«Инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсететін геологиялық қызмет жаңа инвестициялар тартуға және өңірдің тау-кен өндіру мен өңдеу секторының одан әрі дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жер қойнауы туралы цифрлы деректер банкін құруға ықпал етеді», деп атап өтті өңір басшысы.
Мұның өзі қойнауында Менделеев кестесіндегі элементтердің түгелге дерлігі бар облыстың инвестициялық тартымды аймақ болып қала беруіне игі ықпал ететіні актив жиынында баса айтылды.
Қарағанды облысы
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары марапатталды
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 11:22
Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:07
Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:58
Тағы жеті қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Коронавирус • Бүгін, 10:46
Жарнама сайттары арқылы жоқ тауарды саудалаған екі алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күреседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:28
Қазақстан-Қытай арасында радиоактивті қалдықтарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Үкімет • Бүгін, 10:19
«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды
Футбол • Бүгін, 10:08
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 09:57
Шымкентте тергеу изоляторындағы күдікті көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:48
Қаржы • Бүгін, 09:36
Түрік компаниясы Қазақстанда тері өңдеу зауытын салады
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Телевизиялық байқау жеңімпаздары анықталды
Қазақстан • Бүгін, 08:57
Спорт • Бүгін, 08:55
Теннис • Бүгін, 08:54
Спорт • Бүгін, 08:53
Қоғам • Бүгін, 08:52
Ұқсас жаңалықтар