Биыл бірінші жартыжылдықта «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ түсімі 3,1 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 38,5%-ға жоғары. Бұл туралы Samruk Aqparat баспасөз орталығының алаңында өткен онлайн брифингі барысында ҚМГ басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұнайға және мұнай өнімдеріне бағаның өсуі осы көрсеткішке оң ықпалын тигізді. Айталық, есепті кезеңде Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне 65 доллар деңгейінде қалыптасты. Былтырғымен салыстырсақ бұл 62,2%-ға жоғары болып отыр.
Сонымен қатар қаңтар-маусым айларында компания 291 млрд теңге көлемінде оң бос ақша қаражатын жинақтады. Таза пайда 644 млрд теңгені құрады. Ал EBITDA көрсеткіші 1,1 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 92,6%-ға жоғары.
– EBITDA, таза пайда, бос ақша ағыны көрсеткіштері 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен, сондай-ақ 2019 жылғы пандемияға дейінгі ұқсас кезеңмен салыстырғанда анағұрлым жақсы деңгейде қалыптасты. Бұл 2020 жылы дағдарысқа қарсы бағдарламаның іске асырылуымен және операциялық, күрделі шығындардың қысқаруымен байланысты, – деді Д.Қарабаев.
Оның мәліметінше, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында шоғырланған жалпы және әкімшілік шығыстар 2020 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 8%-ға және 2019 жылдың бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіштен 26%-ға төмен деңгейде қалыптасты. Бұл ретте, абсолютті және салыстырмалы түрде ең көп қысқарған күрделі шығындар болды.
– Есепті кезеңде «ҚазМұнайГаз» бірлескен кәсіпорындарды санамағанда, ел қазынасына салық түрінде 300 млрд теңгеден астам қаражат төледі. Бұдан бөлек компания өз акционерлеріне 50 млрд теңге сомасына дивиденд төледі, – деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары.
Д.Қарабаев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өндірістік және қаржылық көрсеткіштерді «пандемияға дейінгі» деңгейге жеткізу бойынша жұмысын жалғастырып жатқандығын алға тартты.
– Өндірістік нәтижелеріміз «дағдарысқа дейінгі» көрсеткіштерден әлі төмен болса да, қазірдің өзінде компанияның қаржылық ахуалы едәуір жақсарғанын көруге болады. Оның кейбірі 2019 жылға қарағанда өсіп келеді. Дегенмен, бізге босаңсуға болмайды. Компания өзінің қызметін шығындарды барынша қысқарта отырып жалғастырады, – деп қорытындылады Д.Қарабаев.
Қазақстан • Кеше
Азық-түлік белдеуінің әлеуеті нығайып келеді
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Экономиканы несиелеу өсе бастады
Экономика • Кеше
Онлайн-петиция: Қоғамның барометріне айнала ала ма?
Қазақстан • Кеше
Газ мәселесінің түйіні тарқатылады
Экономика • Кеше
Консорциум мүмкіндігі тағы төмендеді
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Сапалы интернетпен түгел қамтылу көзделіп отыр
Аймақтар • Кеше
Ата-ана және ұрпақ тәрбиесі: Кінә мен реніш
Қоғам • Кеше
Балалар бәсекелестігіне байыппен қарасақ...
Қоғам • Кеше
Оңалту орталығына оң көзқарас қажет
Медицина • Кеше
Абай • Кеше
Руханият • Кеше
«Қилы заман» қалай түсіріліп жатыр?
Кино • Кеше
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарқынды жүргізілуде
Медицина • Кеше
Есірткі саудасы өршіп, пәтер тонау азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Мұқан және оның туған топырағы
Қазақстан • Кеше
Технология • Кеше
11 елді мекенде мобильді интернет жоқ
Аймақтар • Кеше
Байрақты бәсеке жалауын көтереді
Спорт • Кеше
Өнер • Кеше
Қоғам • Кеше
Полиция Ұзынағаштағы атысқа қатысты пікір білдірді
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Екібастұз қаласының әкімі қызметінен кетті
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда гендерлік көрсеткіш жақсарып келеді
Қазақстан • Кеше
ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті
Үкімет • Кеше
11 жастағы қыз Бадам өзеніне батып кетті
Оқиға • Кеше
Қызылорда облысы прокурорының үш орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет «Зерде» холдингін жабу жөнінде қаулы қабылдады
Үкімет • Кеше
Киберфутболдан Қазақстан құрамасы FIFAe рейтингінде жоғарылады
Қазақстан • Кеше
Елордада Ұлы дала даңғылындағы көпір ашылды
Елорда • Кеше
«Ақбақай» алтын шығару фабрикасының екінші кезеңі іске қосылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар