Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, биыл жыл қорытындысында тағы 200 мыңға жуық адамды қамту жоспарланған. Бұл дегеніміз – 17,86 млн адам немесе республика халқының 95%-ы. Атап айтқанда, қалаларда – 98%, ауылдарда – 91,8%.
2025 жылға қарай тұрғындарды 100% сумен қамту жоспарланып отыр. Бұл үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және жаңғыртуға 586 млрд теңге бөлінеді.
«Егемен-ақпарат»