«Азаматтық алаң» пікір алмасу платформасының кезекті жиынына қатысушылар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған білім беру жүйесін, жаңа заманауи жағдайларға бейімдеу қажеттілігі мен мүмкіндіктерін талқылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында отандық білім мен ғылымның алдында ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. «Жаңа белестерді бағындырып қана қоймай, әрқашан бір қадам алда болу, жаңа трендтерді қалыптастыру» жөнінде айта отырып, құзырлы мемлекеттік органдарға сапалы білім беруді қамтамасыз ету бойынша бірқатар жүйелі іс-шараны белгілеп берді.
«Азаматтық алаң» отырысы барысында жиынға төрағалық еткен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма төрағасы Асылбек Есенбаев қарқынды дамып келе жатқан әлемде білім мен дағдыға деген сұраныс тез өзгеретінін, сондықтан да білім беру жүйесі жаңа үрдістерге икемді бейімделуі тиіс екенін айтты.
«Бір қадам алда болу – жастарымыздың санасында қандай да бір кәсіптің немесе дипломның беделіне емес, осы кәсіптің қоғам үшін пайдалылығына қарай тиімді өзгеруі. Сонымен қатар біз білім беру – тек қана Білім және ғылым министрлігі мен әкімдіктердің ғана үлесі, тек мектеп, ЖОО-дары ғана білім береді деген түсініктен алшақтауға тиіспіз. Бүгінде икемді дағдылар (soft skills) қазіргі заманғы адам дамуының ажырамас бөлігіне айналды», деді ол.
Өз кезегінде, Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова қашықтан оқыту форматтары үшін телекоммуникациялық жүйелердің сапасын жақсартудың маңыздылығын атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына қатысты нақты тапсырмалар берді. Соның бірі – қашықтан білім беруге қажетті ақпараттық жүйенің сапасын жақсарту. Пандемия уақыты барлығымызды өз сынына алған рас. Қашықтан оқыту барысында да қиындықтар болды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасын қолға алып, ұстаздарға материалдық және моральдық қолдау көрсету керектігін де атап өтті. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде цифрлы жүйелерді енгізу өте орынды ұсыныс деп білемін, – деді М.Мелдебекова.
М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің басқарма төрағасы, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Талғат Нәрікбаев өз сөзінде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көптеген маңызды мәселелер көтерілгенін атап өтіп, қашықтан оқытудың тиімді тұстарына тоқталды.
– Мәселен, «Ғылымды дамыту – біздің аса маңызды басымдығымыз» деген Мемлекет басшысы ғылым туралы заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы пәрмен берді. Бұл ертеңге салынып жатқан инвестиция деп ойлаймын. Коронавирус пандемиясы біздің салаға да бірқатар өзгеріс алып келді. Әлемдегі барлық жоғары оқу орындары қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Иә, қашықтан оқыту жүйесі біраз сыналғаны да рас. Алайда қашықтан оқыту жүйесінің бізге берген тиімді тұстарын да айта кеткен жөн. Мысалы, кезінде шет елдерден алдыртып қиналатын ғалымдармен, бүгін біз қашықтан оқыту жүйесі арқылы ұтымды шарттармен келісіп отырмыз, – деді ол.
«Азаматтық алаңда» Нұр-Сұлтан қаласының №90 гимназиясының директоры Аятжан Ахметжанұлы да пікірлерімен бөлісті. Ол халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған дарынды балаларды қаржылай ынталандыру өте маңызды қадам екенін атап, спорттық олимпиададағыдай, жүлдегерлерді марапаттау білім және ғылым саласында да болуы керек деді. Сонымен қатар 2025 жылға дейін 1 мың мектеп салу бастамасын атап өтіп, бұл іс-шара ірі қалаларда ғана емес, шалғай, шекаралас аудандарда да заманауи сапалы мектептер салынуы керек екенін жеткізді. «Бұл ішкі көші-қон тұрғысынан да маңызды. Біз өңірлердегі жастарды сапалы біліммен қамтамасыз етуіміз керек», деді ол.
«Азаматтық алаң» отырысында БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қаржы кафедрасының меңгерушісі Күләш Сәдуақасова және де тағы да басқа сала мамандары өз тәжірбиелері мен пікірлерін ортаға салды. Бұл пікір алмасу алаңының отырыстарын АҚДМ қолдауымен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырып келеді. Сұхбат алаңының басты мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың тиімділігін арттыру үшін азаматтық қоғам өкілдерін сындарлы сұхбатқа тарту.
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар