25 Қаңтар, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №23

270 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2014 жылғы 22 қаңтар Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасының аумағына шикі қант әкелудің  кейбір мәселелері туралы

 

2014 жылғы 22 қаңтар Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасының аумағына шикі қант әкелудің  кейбір мәселелері туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерация­сының Кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 413 027,4 тонна көлеміндегі дәмдік-хош иістік немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантын (бұдан әрі – шикі қант) (ҚО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) экелу 2014 жылы Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұгыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне кедендік баж төлемей жүзеге асырылады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі белгіленген тэртіппен тізбесі осы қаулыға қосымшада көрсетілген қант өндіретін кэсіпорындарға не әкелінетін шикі қанттың нысаналы мақсаты туралы көрсетілген кэсіпорындармен келісімшарт негізінде шикі қант жеткізушілерге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша бекітілген көлем шегінде лицензиялар беруді жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бакьілау комитеті ішкі тұтьшу үшін шығарудың кедендік рәсімінде экелінетін шикі қантты кедендік декларациялауды:
1) кедендік әкелу бажын төлемей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі беретін лицензиялар негізінде;
2) Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифімен бекітілген мөлшерлемелер бойынша кедендік әкелу баждарын төлеу арқылы Қазақстан Республикасы Экономика жэне бюджеттік жоспарлау министрлігі беретін лицензиясыз жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономи­калық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi       С.АХМЕТОВ.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2014 жылғы 22 қаңтардағы № 23 қаулысына қосымша

Қант өндіретін кәсіпорындар тізбесі
Р/с    Қант өндіретін кәсіпорын атауы
1    «Орталық Азия Қант корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі


* Кәсіпорындар тізбесі кәсіпорындарды шикі құрақ қантынан қант өндіретін зауыттарға жатқызудың мынадай өлшемдеріне сәйкес қалыптастырылады:
1) кәсіпорынның шикі кұрақ қантын өңдеуге арналған технологиялық жабдығының болуы;
2) шикі құрақ қантынан ақ қантты сериялық өндірудің болуы;
3) кәсіпорынның алдағы күнтізбелік жылға арналған жобалық қуаты.

Соңғы жаңалықтар