Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2021

Бизнесті қолдауға 1 триллион теңге бөлінеді

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ҚР Президентінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру бойынша жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бизнесті қолдауға 1 триллион теңге бөлінеді

«Бірінші бағыт бойынша 27 іс-шараны іске асыру көзделген. Кәсіпкерлікті дамыту үшін 2022 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын іске асыру жалғасатын болады. Жалпы, қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгеден кем болмайды», деді Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, мемлекеттік қаржының тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасы әзірленеді. Тұжырымдама бюджет саясатын, мемлекеттік борышты басқару, сондай-ақ Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану мәселелерін қамтымақ.

«Өндірушіден тұтынушыға дейінгі тізбек бойынша бағаны бірыңғай бақылау үшін негізгі мемлекеттік орган айқындалатын болады. «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» Заң әзірленетін болады. Ауыл шаруашылығында субсидиялау тетіктерін ұзақ мерзімді негізде бекіту көзделіп отыр»,  деп түйіндеді министр.