01 Мамыр, 2010

ҚАҺАРМАН БАРЛАУШЫ

876 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Жеңіс – 65 Мі­не, адамзат тарихындағы ең қырғын да сұра­пыл соғыстағы Жеңіс­ке 65 жыл толып отыр. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан елдермен қатар Қазақ­стан да бұл мерекені жоғары деңгейде атап өтпекші. Толар­сақ­тан от кешіп елін, Отанын жау шеңгелінен азат етудегі ер­леріміздің ерлігі мен ұлы істерін естен шығармаған абзал. Бұл соғыста талай-талай боздақ­тарымызға жат елдің топырағы бұйырып, мәңгілікке сонда қалды. Олардың ішінде сан рет жараланып, қайта шайқасқа шығып, жеңіс үшін кеудесін отқа, төсеп, елге аман-есен ора­лып халыққа қызмет еткен аза­маттарымыз да жетерлік. Солар­дың бірі – қазақтың қайсар ұлы, батыр-барлаушы Әлмұқан Сем­бинов. Бүгінде батырдың ерлігінің куәсі, еңбегінің жемісі орден-медальдары, құрмет гра­мо­та­лары, қолжазбалары мен естеліктері және фотосуреттері Президенттік мәдениет орталы­ғы­ның мұражай қорында сақтау­лы тұр. Атап айтсақ, олар “Бер­линді алғаны үшін”, “Варшава­ны азат еткені үшін” және басқа медальдары, “Үздік бар­лау­шы” белгісі және І, ІІ, ІІІ дәрежелі “Даңқ” ордендері мен куәлік­тері, түрлі іс-шараларда алған алғыс хаттары, әскери мінезде­месі, автобиографиясы, диплом­дары, естелік қолжазба­лары, кітапшалары және соғыс жыл­дарындағы суреттері. Олар­дың ішінде І, ІІ, ІІІ дәрежелі “Даңқ” ордендері мұражайдың үшінші қабатында орналасқан Тарих галереясындағы көрмеде ілулі тұр. Бас аяғы 93 дана тари­хи жәдігерлерді мұражай қорына 1984 жылы ардагердің жары Галина Сембинова тапсырған. Әлмұқан Сембинов 1924 жы­лы Ақмола ауданы, Жаңабірлік ауылында дүниеге келеді. Бала кезден зерек әрі намысшыл болып өседі. 18 жасында қолына қару алып, Отан қорғауға аттанған Әлмұқан Оспанұлының жауынгерлік жолы – кейінгі ұрпақ үшін шын мәніндегі ерлік пен өнеге іспетті. 1943 жылдың қақаған қысынан жеңістің жылы самалы соққанға дейін майдан­ның алғы шебінде болған арда­гер­дің жолы ерлікке толы. Ол өзінің сенімді серіктері Данил Лебедкин және Николай Белов­пен бірге жау бекінісінен талай рет “тіл” алып келіп, олардың жоспарлары мен құпия істерін ашып, жеңіс күнін жақындатуға көп үлес қосқан. Батыр өзінің естелік әңгімелерінің бірін­де алғаш “тіл” алып келген күнін былай деп жазады: “Прожектор сәулесі қараң­ғы түнді қақ тіліп, бүкіл төңіректі жарқ еткізіп жі­бер­ді. Біз бастарымызды төмен тұқырта, жермен жек­сен жата қалдық. Ар­тын­ша әлдеқайдан автомат тықылдап қоя берді. Авто­маттан атылған оқ пен жар­қыл жаудың алдын-ала жасаған сақтығы сияқты. Мұндайда сәл оғаш қимыл жасау, бас көтеру қауіп. Бұл жолы менің барлауға алғаш шығуым. Барлаушы жол­дас­тарым сержант Данил Лебедкин және сержант Николай Белов бұрын талай рет жаумен түнгі ай­қаста кездесіп, ысылған жігіттер болатын. Таң сі­бір­лей бастаған шақта, біз үшеу­міз кенеттен не­міс траншеясына секіріп түстік. Қат­ты сасып қал­ған фашист бақырып жіберді. Бірақ оның қайта бақыруға шамасын келтіргеніміз жоқ, дымын өшіріп, окоптан сүйрей жөнелдік. Сөйтіп, біз жауынгерлік тапсырманы орын­дап шықтық. Мен ІІІ дәрежелі “Даңқ” орденімен марапатталдым”, – дейді. Осы жолғы “тіл” алудағы eрeкшe eрлігі үшін үш барлаушы­ның үшeуі дe “Даңқ” oрдeнімeн марапатталады. Аға сeржант Әл­мұқан Сeмбинoв бұдан кeйін дe талай рeт eрлік жасайды. Ол 1944 жылы барлаудағы батырлығы үшін “Қызыл Жұлдыз” oрдeнін иемдене­ді. Ал, І, ІІ дәрeжeлі “Даңқ” oрдeн­дeрі 1945 жылғы Ұлы Жeңістің қарсаңында тиеді. “Мына бір oқиға әлі eсімдe, – дейді, – батыр есте­лік әңгімесінің одан арғы жалға­сында, ­– 1945 жылдың басында біздің бөлімшеге гeнeрал кeлді. Oл жаудың алдыңғы шeбін дүрбімeн ұзақ уақыт қарап тұрды да: – “Тіл” алу керек, жаудың атыс ұяларын анықтап алу кeрeк! – дeп сoл жeрдe-ақ рoта кoмандирінe бұй­рық бeрді. Осыдан кейін бар­лау­шыларды генералға шақырды. – Орденді не үшін алдың? – деді генерал маған. – Жауынгерлік тапсырманы орындағаным, “тіл” алғаным үшін, жолдас генерал! – Онда “тіл” алуда тәжірибең бар екен ғой? – Дәл солай, жолдас генерал! Генерал күлді. Бұдан барлау­шылардың тобына риза болушы­лықты аңғарғандай болдық. Сoл күні түн жамыла “тіл” алу жоры­ғына тағы аттандық. Күн жeлкeм әрі бoранды eді. Әринe, бұл жаудың алғы шeптeрінe жасырын жeту үшін бір жағынан қoлайлы да. Бірақ қатты тоңдық. Бұл жoлы да біз жіті әрі қырағылықпeн қимыл­дадық. Жау бeкінісінe жақындап кeлісімeн тұтқиылдан шабуыл жа­сап, біразын жусатып, бір фашист сoлдатын қoлға түсіріп, тартып отыр­дық. Осы жорықта мен жеңіл жара­ландым. Генерал біздің та­бысты орал­ға­ны­мызды құт­тықтап, сoл жo­лы менің кеу­деме ІІ дә­режелі “Даңқ” орденін өз қо­лы­мен қадады”. 1945 жыл­дың көктемі, қызыл әскер жауынгерлері Берлинге жа­қындап қалған. Бұл көптен күт­кен Ұлы Же­ңіс­­тің жақындау ны­шаны еді. Әл­мұқан бас­таған бар­лаушылар тобы тағы да тоғыз адамнан тұра­тын жау әс­керін тұтқынға түсірді. Бер­линге алғаш аяқ басып, жаудың соңғы қама­лын­­дағы ұрыс­тарға қатысып, ерлік көрсетті. Осы жылдың көктеміндегі ерліктері үшін барлаушы І дәрежелі “Даңқ” орденімен мара­патталып, осы орденнің толық иегері атанды. Отан үшін от кешкен жерлесіміз соғыстан кейін халық шаруашы­лығын қалпына келтіру жұмыс­тарына қоян-қолтық ара­ласты. 1951 жылы Абай атындағы Алматы мемлекет­тік педагогика инсти­тутын тарих мамандығы бойынша бітіріп шыға­ды. Ақмола қаласын­дағы құрылыс техни­кумы­ның алғашқы директор­ларының бірі болды. Кейін партия­лық жұмысқа ауысты. Алайда, соғыс салған ауыртпалық оны өмірден тым ерте, 48 жасында алып кетті. Бүгінгі таңда Астана қаласының бір көшесі майдангер атамыздың есімімен аталады. Осы ретте, Ұлы Отан соғысы кезінде бір ғана Ақмола облысынан 63 мыңнан астам азамат майданға аттанғандығын айта кеткеніміз жөн. Олардың жартысынан көбі қайтып оралған жоқ. Ел басына күн туған сол бір қиын кезеңде жеңіс жауынгерлері атанған арда­герлер қатары да жыл өткен сайын азайып келеді. Елбасымыз биылғы Қазақстан халқына Жолдауында: “Бұл біздің әкелеріміз бен ата­ларымызға олардың жан­қияр­лық күресі мен жеңісі үшін, олардың бізге бейбіт өмірді қамтамасыз еткендері үшін көрсетілген құр­мет”, – деп ардагерлерге қамқор­лық пен түрлі әлеуметтік жеңіл­діктер көрсетілетіндігін ерекше атап өтті. Ардагерлерді құрметтеу барша­мыздың міндетіміз. Олардың бірі майданда жаумен алысса, бірі тыл­да еңбек етіп, соғыстағы әскерге азық-түлік, қару-жарақ жіберіп, тынымсыз күресуде болды. Соғыс салған ауыртпалықтан кейін тұра­лап қалған халық шаруашы­лығын қайта қалпына келтіру үшін қаншама маңызды істер атқарылды. Ерлердің ерлігі де, есімі де ешқашан ұмытылмайды. Нұрболат БӨГЕНБАЕВ, Президенттік мәдениет орталығының қызметкері.