Ланкашир университеті мен Шотландия Ұлттық музейінің ғалымдары Треснесс шығанағындағы аралдан сирек кездесетін артефактілерді тапты. Бұл аймақта қазба жұмыстары 2017 жылдан бері жүргізіліп келеді.
«Бұл өте қызықты олжа», деп таңданды археологтар тобы.
Шарлардың диаметрі шамамен бес сантиметр. Сарапшылар олардың біреуінің керемет сфералық пішіні мен әдемі әрлеуі бар екенін атап өтті.
«Оларды қару ретінде, салт-жораларға немесе теріні өңдеуге, тіпті құрылыс блоктарын жылжытуға қажетті заттар ретінде қолдануға болады», деген теорияны алға тартты мамандар.
Оркни аралдарында табылған шарлардың жалпы саны 20-ға жуық. Ғалымдардың ойынша, «керемет олжа» неолит дәуіріне жатады.
Сондай-ақ, қазба жұмыстары кезінде зерттеушілер адамдар мен жануарлардың сүйектерін, керамика мен түрлі тас артефактілерін кездестірді, олардың арасында пышақтар, балғалар мен ыдыстар бар.