Фото: shutterstock.com
Премьер-Министр азық-түліктен басқа тауарларға инфляция деңгейін тежеу жөніндегі шаралар аясында, қажет болса, тапшылық орын алып отырған немесе ішкі нарықта бағасы өскен шикізат пен материалдарды экспортқа шығаруға шектеу енгізу көзделетінін айтты. Сонымен қатар медициналық тауарлардың шекті бағасын алдын ала бекіту туралы ойын бөлісті.
«Медициналық қызметтердің кешенді тарифтерін және бірқатар медициналық тауарлардың шекті бағасын алдын ала бекіту қамтамасыз етіледі», деді А.Мамин.