Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда шикізат экспорты шектелуі мүмкін

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин азық-түлікке жатпайтын тауарларға инфляция деңгейін тежеу бойынша жоспарланған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда шикізат экспорты шектелуі мүмкін

«Азық-түлік емес тауарларға инфляция деңгейін тежеу жөніндегі шаралар шеңберінде қажет болған жағдайда ішкі нарықта тапшылық не бағаның өсуі байқалатын шикізат пен материалдар экспортына шектеулер енгізу көзделеді», деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Бұдан басқа, медициналық қызметтерге кешенді тарифтерді және бірқатар медициналық тауарларға шекті бағаларды алдын ала бекіту қамтамасыз етіледі.

«Инфляция импортының деңгейі жоғары өндірістерді, оның ішінде құрылыс материалдары мен жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өсіру бойынша нақты шаралар іске асырылатын болады. Ақша-кредит саясаты шеңберінде инфляцияға қарсы шараларды іске асыруға, оның ішінде экономикадағы өтімділік көлеміне бақылауды күшейту арқылы фокус күшейтілетін болады», деп атап өтті Премьер-министр.

«Бұл шаралардың барлығы ағымдағы жылдың соңына дейін жедел тәртіппен азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағаларын тұрақтандыруға және инфляцияның жалпы деңгейін бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деп толықтырды Асқар Мамин.