25 Қаңтар, 2014

Қырғызстан шекарасына ингуш сепаратистері шабуыл жасаған екен

254 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

25 01 - Kirgizstan granica

23 қаңтар күні Қырғызстан шекара аумағында жойылған қарақшылар ингуш сепаратистік ұйымына мүшелер болуы ықтимал. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасаған Ras.kz хабарлады.

«Қаңтардың 23-і күні Қырғызстан шекарасына басып кірген 11 адамнан тұратын содырлар ингуш сепаратистері болуы мүмкін деген болжам басым болып тұр», – деді Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметі райысының міндетін атқарушы Райымберди Дуйшембиев.

Арнайы операцияның барысында өлтірілген әрбір содырдың жанында пышақ, 15 метрлік арқан, азық-түлік запастары, құрма, бал, ауыстырып киетін аяққкиім, Құран, өле қалса денелерін орайтын мата болған. Бұдан басқа, бейнекамера да болыпты. Бірақ байланыс құралдары көрінбеген.

«Аталмыш оқиғадан кейін, 23 қаңтардан бері Қырғызстан мен Қытай шекарасындағы тәртіп күшейтілді», – деді Р.Дуйшембиев.

Оның айтуынша, содырлар тобын бірінші болып егерь Александр Барыкин кездестірген. Орманшы оларды тоқтатпақ болған. Сол үшін өзі аяусыз өлтірілген. Оның басы кесіліп алыныпты.

«А.Барыкин не болғанын шекарашыларға хабарлап үлгерді. Ол өлер алдында да ерлік көрсетті: қаза таппас бұрын екі қарақшыны ала кетті. Ол мемлекеттік наградаға ұсынылатын болады. Ал жерлеу рәсімі барлық құрметімен Ыстықкөл облысының орталығы Қарақол қаласында өтеді», – деді Р.Дуйшембиев.

Шекара әскерлері бастығының міндетін атқарушының сөзіне қарағанда, содырлардың Қырғызстан аумағына қару-жарақ алу үшін не теракт жасау үшін келген болулары мүмкін.

«Олардың біздің бір адамымызды өлтіріп қойғанын ескеріп, жергілікті жұртқа үлкен қауіп төндіретінін білдік. Сондықтан қараңғы түскенше бәрін жоюға шешім қабылдадық. Себебі, 4-4,5 шақырым биіктегі тауда түнде ауа температурасы 35-40 градусқа дейін төмендейді. Оның үстіне, олар біздің берілу жөніндегі шартымызды қабылдамады. Келіссөз жүргізу барысында «Аллах Акбар!» деп алды да, шекарашыларға карабиннен оқ жаудырды», – деді Р.Дуйшембиев.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Ras.kz

Фото: Topwar.ru

Соңғы жаңалықтар