Білім • 07 Қыркүйек, 2021

Мектепте хиджаб киюге рұқсат беріле ме?

833 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік немесе жеке мектептерде хиджаб кию ел заңдарына қайшы. Бұл туралы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов ОКҚ брифингінде айтты, деп жазады Egemen.kz.

Мектепте хиджаб киюге рұқсат беріле ме?

Фото: CC0 / Steve Bidmead

«Білім министрінің 2016 жылғы бұйрығына сәйкес мектеп формасына қойылатын талаптар бар, білім стандарты бар, біздің елдің азаматтары бұл бұйрықты және жалпы алғанда біздің елдің заңдарын орындауы тиіс», деді Ержан Нүкежанов.

Бұл ретте ол ел Конституциясында Қазақстанның зайырлы мемлекет екені нақты жазылғанын еске салды.

«Мектепке баратындардың барлығы Білім және ғылым министрінің бұйрығын, «ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын және еліміздің Конституциясын орындауы тиіс. Бұл жеке және мемлекеттік мектептерге де қатысты. Егер сіз заң бұзушылық фактілерін көрсеңіз, аймақтардағы білім департаментіне, бізге, комитетке немесе Білім және ғылым министрлігіне хабарласа аласыз. Біз заң нормаларының сақталуын қарастыруға және қамтамасыз етуге дайынбыз», деді Дін істері комитетінің басшысы.