Әлем • 07 Қыркүйек, 2021

«Талибан» Ташкентке қысым көрсете бастады

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Талибан» әскери ұшақ пен ұшқыштарды қайтар деп Ташкентке қысым көрсетіп жатыр. Өзбекстанды уақытша паналап жатқан ауған ұшқыштары өздерін Ауғанстанға кері қайтарады ма деп қауіптенеді, деп жазады Egemen.kz.

«Талибан» Ташкентке қысым көрсете бастады

Reuters ақпараттық агенттігі АҚШ алып кетеді деп үш апта бойы күтіп жатқан ұшқыштар жайында эксклюзивті материал әзірледі.

Тамыз айында «Талибан» қозғалысы Мазари-Шариф қаласын басып алғаннан кейін Өзбекстанға қашқан ауған ұшқыштары Reuters журналисі телефон арқылы сөйлесті.

«Егер бізді кері қайтарса, олар бізді өлтіреді» деген ұшқыштың бірі өздерін қазір тұтқында отырғандай сезініп жүргенін айтты. Ұшқыштың сөзінше, лагерьде шамамен 465 адам бар.

АҚШ-тың Өзбекстандағы бұрынғы елшісі Джон Хорбстың ойынша, ресми Ташкент расында «Талибаннан» қысым көріп жатыр. Себебі, олардың дені АҚШ-та арнайы әскери жаттығудан өтіп келген.

«Ресми Ташкент тәліптермен жақсы қарым-қатынаста болғысы келеді», деді Хорбст.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі қазір Өзбекстанмен келіссөз жүріп жатқанын жеткізді. Ал Өзбекстан үкіметі Reuters сауалдарына жауап бермеген.

Ұшқыштың сөзінше, лагерьде өздерінен басқа Ауғанстанның қауіпсіздік қызметінің өкілдері мен қорғаныс техникалары бар. Олардың біразы отбасын үшінші елге жіберіп үлгерген. Бірақ көбі сол Ауғанстанда қалып қойған.