Қоғам • 07 Қыркүйек, 2021

Алматылық ару Халықаралық байқауда Қазақстан намысын қорғайды

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық Лаура Мұхтар Түркияда өтетін сұлулар сайысында Қазақстан намысын қорғайды деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматылық ару Халықаралық байқауда Қазақстан намысын қорғайды

Miss Aura International 2021 сұлулық сайысы 20 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Анталия қаласында өтеді.

Сайысқа әлемнің әр түкпірінен 70-тен астам ару жиналмақ. Мiss Aura International «дарындылар сайысы», «шомылу киімдерінің дефилесі», «кешкі және ұлттық киімдер» секілді үш кезеңнен тұрады. Сондай-ақ, қатысушылар әлеуметтік және қайырымдылық акцияларына қатысады.

Қазіргі уақытта Лаура байқауға белсенді дайындалып, ұлттық және кешкі бейнелерді іздеумен айналысып жүргенін айтты. Жалпы, Лаураның аймақтық және халықаралық конкурстарға қатысу тәжірибесі мол екенін айта кету керек.

Бұған дейін ол «Алматы аруы-2018» финалына дейін жетіп, онда «Спорт-дива» және People Choice секілді екі номинацияны жеңіп алған.

2019 жылы Лондонда өткен Miss USSR UK байқауында «ІІ вице-мисс» атағын жеңіп алды.

Киевтегі Miss Queen Europe 2019 байқауында басты титулды иеленді.

Айта кетейік, үміткеріміз Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында қоюшы-режиссер мамандығына оқыған.

Қазіргі уақытта ол хореограф, сондай-ақ, киноға түсіп, модель болып жұмыс істейді. Лаура теннис ойнауды, атқа мінуді, кітап оқығанды және ән айтқанды ұнатады.