27 Қаңтар, 2014

Павлодар облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 01-PavlodarБүгін, Павлодар облысы әкімінің өкімімен Президент Әкімшілігінің келісуімен облыс әкімі аппаратының басшысы болып Расул Оразғұлов тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми интернет ресурсы хабарлады.

«Расул Қабдолұлының мемлекеттік басқару органдарында мықты тәжірибесі бар. Ол Қаржы министрлігінде қызмет атқарды. Сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары, «Нұр Отан» партиясы аппараты басшысының орынбасары, партия төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі болып істеді, - деді облыс әкімі оны облыс активіне таныстыру сәтінде.

Облыс әкімі Қанат Кәрімовке атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, оның мәдениет саласындағы тәжірибесі ескеріліп, лайықты орын табылатынына сенім білдірді.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: Павлодар облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы.

Фото: Павлодар облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы.

Соңғы жаңалықтар