Президент • 08 Қыркүйек, 2021

Бағдарламалардың мерзімін ұзарту керек

171 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында пандемиядан ке­йін­гі еліміздің одан әрі экономикалық дамуының нақты мақсат-міндеттерін жіктеп берді.

Бағдарламалардың мерзімін ұзарту керек

Мемлекет өзіне жүктелген мақ­сат-міндет­терді толығымен орын­дауы қажет. Бүкіл әлемді қыс­паққа алған індетке қара­мастан заң шығарушы және атқа­рушы би­­лік азаматтардың мүд­десі үшін жұ­мыс істеп, халық пен кәсіп­кер­лерге барынша қолдау көр­се­тіп, көмек қолын созуы керек. Бұл ретте «Бизнестің жол кар­тасы-2025» бизнесті қолдау мен дамы­ту­дың мемлекеттік бағ­дарламасы мен «Қарапайым заттар экономика­сы» жеңілдікпен кредит беру бағдар­ламасының мерзімін ұзартудың маңызды екенін атап өткен жөн.

Салық төлеушілердің әлеу­мет­тік ма­ңыз­ды мақсаттар­ға бере­тін қаржы-қара­жа­тын тиім­­ді пайдалану – билік қыз­метін баға­лаудың маңыз­ды кри­терийі. Мем­ле­кеттік бюд­жет пен ұлттық қордағы қара­жат­ты оңды-солды шашып, мақсатсыз жұм­саудың салдары көбіне-көп сыбайлас жем­қор­лыққа әкеп соғатыны да белгілі. Осыған орай Парламент жыл соңына дейін мемлекеттік қар­жыны басқару туралы заң жобасын әзірлеуі қажет.

Инфляцияның жоғары деңгейі, бағаның негізсіз өсуі қазақстандық кәсіпорындардың дамуын тежей­ді. Бұл кедергілер отандық биз­нес­тің бәсекеге қабілеттілігін шек­теп, ұлттық экономиканың құл­дырауына алып келуі де әбден мүм­кін. Осы қауіп-қатердің зардабын ескерген ел Президенті ма­ңыз­ды құжатта инфляцияны 4-6% дәлізіне қайтаруды тапсырды.

Жолдауда агроөнеркәсіптік ке­шенді субсидиялау проблемалары да өткір көтерілді. Бұл мәселе ауыл шаруашылығы саласында сыбайлас жемқор­лық қылмыстары­ның санын арттырып отырғаны да мәлім Суб­сидиялардың қол­же­тімсіздігі, қаржымен толық кө­лемде қамтамасыз етілмеуі, қор­­қы­тып алушылық, ақпа­ра­ттық жүйелер жұ­мы­сын­дағы тұра­қ­­сыздық – осының бар­лығы еліміз­дегі заңнаманың бұзылуына әкеп соғу­да. Осыған орай Мемлекет бас­шысы Пар­ламентке мүдделі мем­лекеттік органдармен бірле­сіп, қысқа мерзімде субсидия­лау сая­саты­ның заңнамалық негізін нығайту туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды.

Бизнесті ынталандыру, ең төмен­гі жалақы мөлшерін көтеру, бірыңғай тұрғын үй бағ­дарламасын әзірлеу, экология­лық мәселелерді шешу осы іс-шаралардың барлы­ғы халқы­мыздың әл-ауқатын арт­тыруға, стратегиялық мақ­саттарға қол жеткізуге бағытталған.

 

Ольга БУЛАВКИНА,

Сенат депутаты