28 Қаңтар, 2014

Маңызды салаға салмақты іс-жоспар қажет

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

27-01-01

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

27-01-01

Министр Мемлекет басшысына 2013 жылдағы жұмыс қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев министр­ліктің жаңа өкілеттіктерге ие болуы мен оған су ресурстары, аң ау­лау және орман шаруашылығы жөніндегі, сондай-ақ, балық ша­руашылығы комитеттерінің бері­луінің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы білікті кадрларды, атап айтқанда, су ресурстарын басқару және трансшекаралық өзендер мәселелері жөніндегі халықаралық келіссөздерді жүргізу саласындағы мамандарды даярлау жайына назар аударды.

Бұған қоса, Қазақстан Прези­денті халықаралық тәжірибені ескере отырып, елімізде «жасыл­ эко­номиканы» дамытуға үйлес­тірілген және кешенді көз­қа­рас қалыптастыру қажеттігіне тоқталды.

Кездесу барысында Н.Қаппаров ведомствоның «жасыл экономика» саласындағы қызметі жайлы, сондай-ақ, су ресурстары мен тұр­мыстық қатты қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеу туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы белгіленген бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды, атап айтқанда, аталған бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындауды бастауды тапсырды.  

-----------------------------------------

Суретті түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар

Елдік тұжырымдама

Пікір • Бүгін, 08:50

Ғасыр үні жаңғырған кеш

Руханият • Бүгін, 08:30

Тұрғындар түйткілін кім шешеді?

Аймақтар • Бүгін, 08:20

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:10