Әлем • 08 Қыркүйек, 2021

Мексикада қатты жер сілкінісі болды

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексиканың оңтүстігінде магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мексикада қатты жер сілкінісі болды

РИА Новости жазуынша, магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі Акапулькодан оңтүстік-шығысқа қарай 11 шақырым жерде 20.47 минутта 10 шақырым тереңдікте болған.

Мехико қаласының мэрі Клаудия Шейнбаумның айтуынша, жер сілкінісі елордаға зақым келтірген жоқ.

«Полиция қала бойынша үш рейс жасады және ешқандай зақым келмегенін анықтады», деді ол.

Саясаткер кейбір аудандарда электр жарығы жоқ екенін, билік электр энергиясын қалпына келтіру мәселесі бойынша энергетикалық компаниямен байланыста екенін айтты.

Агенттік тілшісінің хабарлауынша, жер сілкінісі кезінде адамдар жаңбырға қарамастан көшеге шығып кеткен.