28 Қаңтар, 2014

Қазақша сөйлеу – қазақша ойлаудан

41 рет
көрсетілді
21 мин
оқу үшін

 

01-депутат Оразкул АсангазыТілдің жегжат­тық­қа да тікелей қатысы бар. Мә­селен, мынадай оқиға болған. Тал­дықорған өңірінің бір жігіті Көкшетау қаласының қызына үй­ленбекші болады. Жігіттің ата-анасы қазақтың барлық салт-дәстүріне сәйкес сырғасын тағып, құда түсіп, Көкшетауда қыз ұзату тойы өтеді. Той аяқталған соң Талдықорғаннан келген бас құда көкшетаулықтарға: «Құдалар, бізге келін болатындай қыз тәрбиелегендеріңізге рахмет. Мен келінді алып қайтамын, бірақ үйлену тойын жасамаймын. Өйткені, мен өз елімде тіл жанашыры ретінде абыройға бөленген адаммын. Сіздерде қыз ұзату тойы тек орыс тілінде өтті. Мен той жасасам, құдаларым орысша сөйлеп тұрса еліме не деймін. Сондықтан осылай шештім» дейді. Содан қыз берушілер жағы: «Құда, біз жаздық-жаңылдық, бізге бір ай уақыт беріңіз, қазақша үйренейік» деп әзер көндіріпті. Міне, жегжат арасында қамшылау осылай болса керек. Бір айдан кейін Тал­ды­қор­ғанда өткен үйлену тойында көк­шетаулықтар жастарға тілегін қазақша айтыпты.

 

 

01-депутат Оразкул АсангазыТілдің жегжат­тық­қа да тікелей қатысы бар. Мә­селен, мынадай оқиға болған. Тал­дықорған өңірінің бір жігіті Көкшетау қаласының қызына үй­ленбекші болады. Жігіттің ата-анасы қазақтың барлық салт-дәстүріне сәйкес сырғасын тағып, құда түсіп, Көкшетауда қыз ұзату тойы өтеді. Той аяқталған соң Талдықорғаннан келген бас құда көкшетаулықтарға: «Құдалар, бізге келін болатындай қыз тәрбиелегендеріңізге рахмет. Мен келінді алып қайтамын, бірақ үйлену тойын жасамаймын. Өйткені, мен өз елімде тіл жанашыры ретінде абыройға бөленген адаммын. Сіздерде қыз ұзату тойы тек орыс тілінде өтті. Мен той жасасам, құдаларым орысша сөйлеп тұрса еліме не деймін. Сондықтан осылай шештім» дейді. Содан қыз берушілер жағы: «Құда, біз жаздық-жаңылдық, бізге бір ай уақыт беріңіз, қазақша үйренейік» деп әзер көндіріпті. Міне, жегжат арасында қамшылау осылай болса керек. Бір айдан кейін Тал­ды­қор­ғанда өткен үйлену тойында көк­шетаулықтар жастарға тілегін қазақша айтыпты.

«Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолдану үшін, барлық жерде керек болу үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз ке­рек, өзіміз соған атсалысуы­мыз керек», деді Елбасы Қа­зақ­стан халқына арнаған биыл­ғы Жолдауында. Бұл сөзді тіке­лей әрбір қазаққа, әрбір қазақ­стан­­дыққа, әсіресе, мемлекет сая­сатын жүр­гізіп отырған әрбір мем­лекеттік қызметкерге қара­тылып айтылған сөз деп ұғынамын. Өйткені, Ел­басы 2006 жылғы Жолдауында айт­қан «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген сөзі әлі де болса кейбір қазақтардың санасын оята қойған жоқ. «Қамшылау» деген сөз жасың нешеде болса да, кәсібің не болса да Мәңгілік Ел болуға ұмтылған туған еліңнің басты тілін үйрену үшін өткенге салауат айтып, әркім осы тілде сөйлеу үшін жанын қинап, уақытын аямауы керек. Тілге байланысты бұрыннан айтылып келе жатқан сөздердің бүгінгі түп қазығы – Жолдауда ай­тылған Мәңгілік Ел идеясының үлкен бір арқауы мемлекеттік тілі­мізбен тікелей сабақтас екендігін жақсылап ұғыну.

Ана тілін үйрену әлімсақтан бергі ата-бабаларымыздың мәң­гілік, тәуелсіз ел болу жолында төк­кен қанынан, қиған жанынан қиын емес. Тәуелсіздік дәуірінде бел­гілі бір тілдік орта қалыптасты, оқу құралдары жеткілікті, элек­­трон­дық бағдарламалар баршы­лық. Мәң­гілік Ел идеясын жүзеге асыратын арынды да, ақыл­ды ұрпақ өсіп келеді. Қазақ мектептері кө­беюде, орта және жоғары оқу орын­дарында қазақ бөлімдері ашыл­ған. Жетпейтіні – кейбір қандас­тарымыздың өз ана тілін күнде­лікті қажеттілікке айналдыр­май, ана тілі дегенде арланбай нем­кеттілік танытуы. Алдына мақсат қойып, «Мен қалайда ана тілімді үйренемін» деп, күніне жүйелі түрде дайындалса, ондай адамға барлық жағдай бар. Егер ата-әжесі болса, немересі үшін, әке-шешесі болса баласы үшін, жас болса, туған елі үшін ана тілін үйренуі керек. Үйренгенде Елбасымыз айт­қан Мәңгілік Еліміздің қажетіне жа­раймын деп сана жетегімен де, жү­рек қалауымен де үйренуі қа­жет-ақ.

Қазақ тілі бұл тілді меңгер­ме­гендер жаңсақ ойлайтындай кедей, тек қарапайым тұрмыстың ғана тілі емес, қазақ тілі – сан ғасырлар бойы Ұлы даланың қарым-қатынас құралы болған, сонау көне заманнан бүгінге дейін бай ауыз әдебиеті, шалқар жазба әдебиеті, мәдениет пен ғылым, философия жасалған байырғы да жасампаз, алуан реңкті, алуан бояулы бедерлі де бейнелі тіл. Данышпан Абайдың, көсем Әлихан мен Ахметтің, кемеңгер Мұхтардың, айбынды Бауыржанның, сыршыл Қасым мен Мұқағалидың тілі. Осы тілмен ата-бабаларымыз ұлан-ғайыр елді ғасырлар бойы басқарған. Билеріміз осы тілде уәж айтып, хандарымыз осы тілде пәрмен жасап, батырларымыз осы тілде ұран көтерген. Әжелеріміз тұтас әулет тәрбиелеп, аналарымыз бесік тербеткен, жастарымыз сыр алысқан. «Тәуелсіздік» де­ген тәтті сөзді, «Егемендік» де­ген елжіреткен лебізді өзіңнің ана тіліңде естігенге, айтқанға не жет­сін! Ана тілінде сөйлеу ұлт ретін­дегі рухани тәуелсіздігің. Адам ба­ласы үшін тәуелсіздіктің ұлысы – рухани тәуелсіздік. Рухани тәуел­сіздіктің ең басты айғағы – ана тіліміз. Қазақ халқына Алла таға­ла белгілеп берген бүгінгі тіл­мен айтсақ, бренді оның бай да бейнелі ауыз әдебиеті. Елбасы тапсырмасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көр­ген ауыз әдебиетіміздің қоры жинақ­талған жүз томдық «Бабалар сөзі» тілі­міз­дің аса қуатты екен­дігін паш етпей ме?!

Таңды таңға ұрып жыр айтқан, терме төккен халқымыздың ұлттық тәлімі осы жыр мен терменің ішінде өрілген. Тыңдап отырып, ой қорытып қарсыласының табан астынан айтқан сұрағына өлеңмен уәж қайтаратын айтысты қайда қоярсың?! Халқының ойын билікке қара өлеңмен жеткізген қаншама айтыскер ақын­дар өткен қазақта. Құдайға мың қайтара шүкір, кезін­де солақай сая­сат тоқтатқан айтыс, тәуелсіздік таңы­мен қайта шарықтады. Жақында «Нұр Отан» партиясының ұйыт­қы бо­луы­мен өткізілген айтыс­та Айнұр Тұр­сынбаева мен Бал­ғын­бек Има­шевтің жұмбақтаса сөз сайыс­қанын көрдік. Айнұр Қазақ­стан­дағы үш тілдің жағдайын, үш көй­легіне теңеп: «Бір көйлегім бар қымбат, шетелге шыққанда киемін, бір көйлегім бар, жиналыстар мен келелі кеңестерде киетін, бір көйлегім бар, үйде ғана киемін», деді. Міне, қазақтың ақын қызы, билікте жүрген аға-әпкелеріне, замандастарына осылайша ой тастады, мемлекеттік тіліміздің әлі де діттеген жерге же­те алмай жатқанын тамаша айта білді. Міне, тіліміздің құдіреті, тереңдігі.

Елбасы өз Жолдауында да мем­ле­кеттің барлық жүйесінде қазақ тілі қолданылуы үшін бәрімізді атсалысуға шақырғаны – қазақ тілін барлық жиналыстарда, кеңес­терде күнделікті халыққа қыз­мет­те ендіру керек дегені. Жол­дау­да айтқан соңғы үш жылда мемлекеттік тілді дамытуға он миллиард теңге жұмсалса, соның біразы ілеспе аударма құралдарын сатып алуға арналды. Кезінде Үкімет басшысының қаулысымен қаражат жұмсалып алынған осы құралдар қазірде қолданылмай қаңтарылып тұр. Ал биліктегілердің дені қазақтар. Әр жиналыста әрі кеткенде бір қызметкер 10-15 минут сөйлейді екен. Енді осы 10-15 минутта, негізінен алғанда, бары-жоғы 200-300 сөз қолданылады. Бұл сөздер – күнделікті қызметінде қолданылатын сөздер. Міне, осы сөздерді жаныңды қинап, өзіңді-өзің қамшылап үйреніп ал, жаттап ал, жадыңда сақта, қолдан деп отыр Елбасы. Тіпті басқаны былай қойғанда, «Сәлем – сөздің анасы» дейді қазақ. Көптеген кеңселерде дені қазақ бола тұра тұрып, күні бүгінге дейін бірімен бірі қазақша амандасуға да құлықтары жоқ. Амандасуды білмейді емес, біледі, орыс тілінде амандассам, мәдениеттірекпін, білімдірекпін деп ойлайтын болулары керек.

Биліктің биігіне шығып алып, өзін қызметке жалдап отырған халқымен ана тілінде сөйлесе алмайды. Міне, осындай жаңсақ ойлап, қате пайымдап жүргендер өздерін дәл осы жерде қамшылауы керек. Елбасының Жарлығы бой­ынша бүкіл Қазақстандағы би­лік жүйесі 2006-2010 жылдар аралығында ісқағаздарын мем­ле­кеттік тілде жүргізуге толық көшкенін білеміз. Өкінішке қарай, қазір жүз пайыз ісқағаздары қазақ тілінде деп жүрген бояма ақ­парат аудармашылардың еңбе­гі. Қызметкерлердің барлығы дер­лік орыс тілінде жазып, қажет бол­ғанда ғана қазақ тіліне аудартады. Ал кез келген мекемедегі ондаған, тіпті жүздеген күнделікті ағымдағы құжаттар тіпті, аударылмай, тек орыс тілінде қалады. Сөйтіп, Қазақ елінде түпнұсқа құжаттың тілі, жұмыс тілі орыс тілі болып қалған. Парламенттің Халықаралық қатынастар, қор­ға­ныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы М.Әшімбаев, депутаттар Қ.Сұлтанов, З.Балиева халықаралық қатынастар құжат­тарын әзірлеу жөнінде заң жобасын дайындап, талқылауға ұсынған. Бұл заң жобасының дайындалуына Қа­зақ­стан Республикасының әлем­­нің өзге мемлекеттерімен өзара келісімшарттарын ратифика­циялау туралы заңдарды қабыл­дағанда, қазақ тіліндегі мәтінде қате­лер жіберілуіне байланыс­ты 8-9 мәр­те нота жіберілген. Осын­дай кем­шіліктер келешекте орын алмас үшін осы заң дайындалды.

Халық даналығында «Ер жі­гіт жү­регін халқына береді, жанын Аллаға береді, намысын еш­кімге бермейді» делінеді. Өз елі­мізде көше толы қате жазуды кө­ріп, намыстанбау біздің әлі де сал­ғырт­тығымыздан шығар. Әр­бір қазақ салғырттыққа салын­бай, нем­кет­тілікке бой алдырмай қазақшасы жоқ немесе қате жазылған жарнама көрсе, ол мекемеге кіріп бір-екі рет ескертіп, тыңдамаса Тіл туралы заңның 19-21-баптарын бұзды деп про­кура­тураға, болмаса сотқа шағымдануы қажет. Дастарқан басында, көшеде кіжінгенше, өзің атқарар істі өзгеге ы­сыра салғанша іске көшу қажет. Елбасы қамшылау деп осыны айтып отыр.

«Алтау ала болса, ауыздағы ке­те­ді» дейді дана халық. Сол алтау­дың біріншісі – адамның же­ке басы, екіншісі – отбасы, үшін­шісі – туыстары, төртіншісі – жегжат-жұ­рағаты, бесіншісі – ауылы, ұжымы, алтыншысы – Отаны. Осыдан барып «Отан – отбасынан басталады» дейді. Адам, бірінші, жақсылықты, отансүйгіштікті өзінің жеке басына жасау керек, жеке басқа келсек, әрбір қазақстандық қазақ тілінде амандасуы керек. Екіншісі, әрбір қазақ өзінің аты-жөнін қазақ тілінде қатесіз жазуы керек. Кеңес өкіметінің қылышынан қаны тамып тұрғанда өзінің аты-жөнін Бауыржан Момышұлы деп жазған, батыр Баукең бізге үлгі болуы керек. Бұл жөнінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақ зиялылары Елбасыға хат жазды. Елбасы 1996 жылы 2 сәуірде № 2923 арнайы Жарлық шығарды. Неге екені белгісіз, осы Жарлық құзырлы мекемелер тарапынан насихатталмайды. Насихатталмақ түгілі өздері де осы Жарлықты қаперіне алмайды. Қай қазақ қай заманда ұлын -евич, қызын -евна деп шақырушы еді. Пәленшенің ұлы, түгеншенің қызы дейді. Ал ата-анасы барып қазақ тілінде менің баламның аты Тілекқабыл деп, ауызша айтады, ал хал актілер тіркеу бөліміндегі қызметкер оны Телекабель деп жазып берген. Енді осыны өзгерту үшін қазіргі нормативтік құжатқа сәйкес әкесінің, шешесінің, өзінің туу туралы куәлігін әкелуі керек. Не үшін? Бүгінгі күні 85 пайызы қате жазылған аты-жөнімен жүрген халық неге сандалуы керек? Ата-анасы қазақ тілінің орфоэпиясымен дұрыс айтты, ал енді қазақ тілінің грамматикасын, орфографиясын бұзған мемлекеттік қызметкердің қателігі үшін неге ата-ана әуреге түсуі керек?! Бұл да ойланатын мәселе. МАМ, БҒМ, Әділет министрлігі бірлесіп қазақ тілінің грамматикасына, орфографиясына қайшы жазылған адамдардың аты-жөнін қазақ тілінің заңдылығына сәйкес дұрыстап жазып беру туралы нормативтік құжат қабылдауы керек. Бұл мәселе де ондаған жыл­дардың бірнеше алқалы жиын­дарында көтеріліп, нәтижелі құ­жатқа қол жеткізбей келеді.

Жеке басқа қатысты тағы бір нәрсе. Әркім банкомат арқылы терминалдан ақша алу үшін сондағы үш тілдің біреуін таңдайды. Кү­ні бүгінге дейін өзінің тиесілі ақша­сын қазақ тілінде алатындар аз. Басым көпшілігі орысша нұс­қасын таңдайды. Бұл арада қазаққа ұлтжандылық керек, бұл арада ғана емес-ау, дүкенде де, базарда да, шаштаразда да, қайда барсаң сол жердің бәрінде өз тілін талап ететін нағыз аза­мат­тық ұлтжандылық қажет. Ұлт­жан­дылық жетіспегендіктен де бізге көптеген қызмет көрсету орын­дарында ұлттық, азаматтық құқығымызды бұзып, ана тілімізде емес, басқа тілде қызмет көрсетеді. Егер осыны талап етсе, аяғында сол адамның өз ана тілін талап етуін әлдебір оғаш қылықтай қабылдайды. Бұл қоғамның қазақ тіліне деген сұранысының болмай жатқандығын айғақтайды. Әрбір отбасында кез келген қазақ отбасының тілі, қазақ тілі болуы керек. Қазақ үшін қазақ тілі біріншіден ана тілі, екінші мемлекеттік тіл. Анасын сыйлап өткен халыққа бұдан артық қандай қамшылау керек. Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хади­сінде: «Ей, пендем, мен сенің әрқай­сыңа өзіңе лайық түр бердім, тіл бердім, діл бердім, дін бердім», – дейді. Сонау ХХ ғасырдың басын­да Алаш ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Болғанда атам қа­зақ, анам қазақ, мен неге қазақ­тықтан сақтанамын!» депті. Иә, қазақ болып жаратылған соң, сол жаратылысыңды сақтау міндетің, өзіңнің шынайы табиғатыңды сақтамай ұлттың ұланы болам деу түсінбестік.

Әр қазақ тек өз отбасында қазақ тілінің салтанат құрғанына қанағаттанбай, ағайынының, әулетінің балаларын қазақ мек­тебіне беруіне ықпал ету керек. Кеңестік дәуірден бері қа­зақ мектебінде жеткілікті бі­лім берілмейді деген жаңсақ пікір­ден бүгін арылуымыз керек. Мә­селен, Астана қаласын алайық. Халықаралық, республикалық, қа­лалық олимпиадалардан және ғы­лыми жобалардан қазақ тілінде білім беретін «Зерде», дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейі, дарынды ұл балаларға ар­нал­ған қазақ-түрік лицейі, №38, №50 мектеп-лицейлер үнемі алғаш­қы орындарды бермейді. Ұлт­тық бірыңғай тестілеуде де орыс­тілді мектептерге қарағанда, қазақ мек­теп­терінің көрсеткіші жоғары. 2012-2013 жылғы оқу жылының қоры­тындысы бойынша барлығы 72 «Алтын белгі» иегерінің 45-ін қа­зақ мектебінің оқушылары ием­деніпті, міне, осыдан соң қа­зақ мектебінің білімі төмен деген жал­­ған қауесетті кімдердің тара­та­ты­­нына таңғаласың. Көпте­ген ата-аналар өздері қазақ ті­лін­де сөй­лемегендіктен де бала­ла­ры­на ұлттық тәрбие бере алмай­тын­дық­тарын ұғынбайды. Тілсіз ұлт­тық тәр­бие болуы мүмкін емес. Тіл бар жер­де ғана тәрбие де, дәстүр де болмақ.

Төртіншіден, тілдің жегжат­тық­қа да тікелей қатысы бар. Мә­селен, мынадай оқиға болған. Тал­дықорған өңірінің бір жігіті Көкшетау қаласының қызына үй­ленбекші болады. Жігіттің ата-анасы қазақтың барлық салт-дәстүріне сәйкес сырғасын тағып, құда түсіп, Көкшетауда қыз ұзату тойы өтеді. Той аяқталған соң Талдықорғаннан келген бас құда көкшетаулықтарға: «Құдалар, бізге келін болатындай қыз тәрбиелегендеріңізге рахмет. Мен келінді алып қайтамын, бірақ үйлену тойын жасамаймын. Өйткені, мен өз елімде тіл жанашыры ретінде абыройға бөленген адаммын. Сіздерде қыз ұзату тойы тек орыс тілінде өтті. Мен той жасасам, құдаларым орысша сөйлеп тұрса еліме не деймін. Сондықтан осылай шештім» дейді. Содан қыз берушілер жағы: «Құда, біз жаздық-жаңылдық, бізге бір ай уақыт беріңіз, қазақша үйренейік» деп әзер көндіріпті. Міне, жегжат арасында қамшылау осылай болса керек. Бір айдан кейін Тал­ды­қор­ғанда өткен үйлену тойында көк­шетаулықтар жастарға тілегін қазақша айтыпты.

Қазақша сөйлеу үшін қазақша ой­лау керек. Ойлау үшін қазақша ән-күй, терме, жыр тыңдап, кино кө­ріп, кітап оқу керек. Жалпы, тіл үй­ре­нуде балабақшадан да, мектептен де отбасының рөлі зор. Ата-анасы үйретпеген тілді оқу орындарының үйретуі қиындау. Сондықтан, қазіргі ата-аналар жаңсақ басып, өз балаларына өздері үйрете алмаған тілді балабақша, мектеп, репетитор арқылы үйретпекші болып, әуреге түсіп жүр. Отбасында өз халқының абзал қасиеттерін, асыл дәстүрлерін үйренбеген ұл мен қыздың ертең отбасы құрарын, біреуінің отағасы, әке боларын, біреуінің келін, ана боларын көп ата-аналар ойламайтын сияқты. Егер Қазақстанда тұрып, қазақ тілін білмесе, күні ертең қазақ тілі бүкіл ел ауқымында салтанат құрғанда олар қоғамнан қалай лайықты орнын таппақ, олардан өнген балалар қалайша ұлттық тәрбие алып шықпақ, осыны дәл қазір, бүгін ойланған жөн.

Тәуелсіздік алғалы бері тіл­дің жырын айта-айта, бәлкім, ол кей­бі­реулерді жалықтырған да болар. Баз бір қазақтар орысша сөйлеуді әбден әдетке айналдырғандары сондай, ана тілінде сөйлемеудің ұят екенін де, намыс екенін де, сырт көзге оғаш екенін де түсінбейді. Біле білсек, ана тілінде сөйлемеу – түп­тің-түбінде өзгелердің бізді құр­меттемеуіне әкеледі. Бұл орыстілді сайттарда бүгіннің өзінде жазылып жатыр. Біздің ойымызша, ұяттың үлкені – өзіңнің халқыңнан ұялу. Өздері орысша оқыған, тәрбиеленген қандастарымыз ең алдымен туған халқынан ұялса, соның басты белгісі өзінің ұрпағын ана тілінде оқыту болмақ. Елбасы Жолдауында айтылған Мәңгілік Ел мұратына жетуіміз үшін алдымен қазақ болғанымыз абзал. Өйткені, Мәңгілік мұратқа басқа елдің тілімен, өзге жұрттың дәстүрімен қалай жетпекпіз, баршамыз ойланатын сауал.

Елбасымыз өз Жолдауында: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болды!» деді. Иә, қазақтың қазақ болып жасамағы, Қазақ елінің болашаққа нық қадам басып, сенімді серпінмен ілгерілеуі – тек экономикалық, әлеуметтік дамумен ғана байланысты емес, мемлекетіміздің өркениет биігіне жетуі оның рухани өрістеуімен де тікелей сабақтас дейтін болсақ, онда осы баянды көште қазақ тілінің алар маңызы айрықша, орны алабөтен.

Оразкүл АСАНҒАЗЫ,

Парламент

Мәжілісінің депутаты.