Медицина • 08 Қыркүйек, 2021

Тұмауға қарсы қандай вакцина салынады?

776 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов халықты тұмауға қарсы вакцинациялау үшін неге  ресей вакцинасы таңдалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұмауға қарсы қандай вакцина салынады?

«Тіркелген барлық вакцина конкурсқа қатыса алады. Алайда, ең алдымен, вакцинасын ең төмен баға ұсынған жеткізуші таңдалады. Ал өнімнің тиімділігі тіркеу арқылы расталады», деді Шоранов ОКҚ брифингінде.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаеваның айуынша, «Гриппол+» вакцинасы бес жылдан бері қолданылып келе жатыр және тиімділігін дәлелдеген.

Сонымен қатар бұл вакцинаның сақтау шарттары да медициналық ұйымдар үшін ең қолайлысы болып отыр.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі тұмауға қарсы вакцинация 15 қыркүйекте басталатынын айтқан болатын. Қазірдің өзінде вакцинаның 2,5 миллион дозасы сатып алынған.

Соңғы жаңалықтар

Соғыс болмаған ел

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:20

Нағыз қыс – Шанағатыда

Ауыл • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:05

Мал өсірудің машақаты

Шаруашылық • Бүгін, 08:55

Еңбегі ерен азамат

Тұлға • Бүгін, 08:50

Аса маңызды саяси үдеріс

Пікір • Бүгін, 08:48