Ел және Елбасы • 08 Қыркүйек, 2021

Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық отырысына қатысушыларға үндеу жасады

2702 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған жоғары деңгейдегі пленарлық отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық отырысына қатысушыларға үндеу жасады

Жиын Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бейнеүндеуімен ашылды.

Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметтің маңыздылығына тоқталып, халықаралық аренада антиядролық қозғалысты ілгерілету жолындағы қазақстандық дипломатияның күш-жігерін ерекше атап өтті.

«Осыдан отыз жыл бұрын мен әлемдегі ең ірі ядролық полигонның бірі Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл адамзат тарихында ядролық сынақтар өткізуге заңдық тұрғыда тыйым салған алғашқы шешім еді. Семей полигонынан кейін дүние жүзі бойынша басқа да полигондар жабылды немесе тоқтатылды. Ядролық сынақтарға тыйым салу жаһандық сипатқа ие болды», деді Елбасы.