Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Тобыл қаласының орталығында жаңа аллея ашылды. Қала тұрғындары үшін қолайлы демалыс алаңының құрылысы биыл мамыр айында басталған. Содан бері жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен алаңқай аумағына жарық тартылды.

Аллеяның кіреберісіне мәрмәртастан Тәуелсіздік тұғыры орнатылып, оған Елбасының «Халықтың басты құндылығы – ел тәуелсіздігі» деген сөзі қашалып жазылды. Ал жанында биік тутұғырға қондырылған айбыны асқақ көк байрақ көкпен таласа желбіреп тұр. Демалыс орнының айналасына қарағай мен жасыл желекті шырша аралас ағаш көшеттері отырғызылып, сая жерде демалып әңгіме-дүкен құруға ыңғайлы орындықтар қойылған.
«Тәуелсіздік аллеясының» ашылу салтанатына қала тұрғындары мен Қостанай ауданының әкімі Жансұлтан Тәукенов, осы істің қажетіне қаржы бөліп, қолдау көрсеткен кәсіпорын басшылары қатысты.
«Тәуелсіздіктің 30 жылдық белесінен ой жүгіртер болсақ, осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасы талай биікті бағындырып, әлем елдерінің арасынан өзіне лайықты орнын алды. Бүгінде еліміз саяси-экономикалық тұрғыдан жүйелі дамып келеді. Осынау сан салалы даму үдерісіне қосқан біздің ауданымыздың да өз үлесі бар. Оған жайқалып өскен егініміз, қамба толы астығымыз, осы астықты өңдеп, сан түрлі өнім шығарып жатқан кәсіпорындарымыз, жыл сайын жаңарған жолдарымыз бен аудан орталығында бой көтеріп жатқан зәулім тұрғын үйлеріміз, бүгінгі берекелі тұрмысымыз дәлел бола алады. Бүгін салтанатты түрде ашылып отырған «Тәуелсіздік аллеясы» ауданымыздағы диқандар мен ауылшаруашылық тауарын өндіруші кәсіпорындардың тікелей қолдауымен біткен дүние», деді Ж.Тәукенов.
Салтанатты жиын барысында әкім ауданның экономикалық дамуына үлес қосып, ел әлеуметінің жақсаруына тұрақты түрде демеушілік көрсетіп жүрген төрт кәсіпкерге «Жомарт жүрек» мүсіншесін табыс етті. Одан кейін мінберге марапат иелері шығып, жиналған көпшілікке өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
– Бүгін қала тұрғындарының игілігіне тапсырылып жатқан «Тәуелсіздік аллеясына» менің де қатысым бар екені зор мақтаныш екенін айта кеткім келеді. Жаңа аллея Тобыл тұрғындары мен қала қонақтары жиі келетін жылы орынға айналатынына сенімдімін. Өзім Озерный ауылында тұрамын, бірақ Тобылға жиі келемін. Енді отбасымды, балаларым мен немерелерімді осы аллеяға ертіп келіп, серуендеп сергіп қайтатын боламын. Мерейтойдың шырайын сыйлық ашады, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай біз бір топ кәсіпкер болып бүгінгі абат алаңқайды ауданымызға мерейтойлық тарту ретінде сыйлағанды жөн көрдік, – деді «К.Маркс атындағы» серіктестіктің басшысы Иван Вечтейн.
«Жомарт жүрек» сыйлығына ие болғандар қатарында «БК-Құрылысөндірісі» ЖШС директоры Сергей Ким, «Шеминов» ЖШС басшысы Юрий Чеховский, «Нұр Тоба» серіктестігінің директоры Ермек Жұмабеков те бар.
Рухани құндылықтар және ұрпақ тәрбиесі
Қазақстан • Кеше
Екінші сессия: маңызды шешімдер мен мазмұнды заңнамалар
Үкімет • Кеше
Күмбірле күн астында, домбыра-рух
Руханият • Кеше
Маңғыстаудың экологиясы «боздап» тұр
Экология • Кеше
Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Жаңа сын-қатерлер сыртқы саясаттан сергектікті талап етеді
Қазақстан • Кеше
Түркі ынтымақтастығы және ғылыми интеграция
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
АҚШ Еуропадағы әскери күштерін нығайтуда
Әлем • Кеше
Тартымды жобаларға инвестор дайын
Экономика • Кеше
«Тур де Франс» додасы басталды
Спорт • Кеше
Экономика • Кеше
Мектеп асханасында – мейрамхана бағасы...
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Абыз басылымның ғасырлық мерейтойы
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Күй ойнайды қазағымның қанында»
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Аймақтар • Кеше
Мүлік кепілін бес минутта шешуге болады
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Медициналық пойыз – Жетісу облысында
Медицина • Кеше
Туризм • Кеше
Президент АЭС саларда Түркияның тәжірибесін зерделеуді тапсырды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан мұнай өндіру көлемін ұлғайтады
Қазақстан • Кеше
ШҚО-да заңсыз аң аулаудың 11 дерегі анықталды
Аймақтар • Кеше
Электр энергетикасы туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • Кеше
Экоминистрліктің кадр саясаты қалай жүруде?
Экономика • Кеше
Түркістанда суға батып кеткен үндістандықтар әлі табылған жоқ
Аймақтар • Кеше
Ақын Мұхтар Шахановтың 80 жасын тойлау Түркиядан басталды
Руханият • Кеше
Шымкентте ЖШС директоры 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Аймақтар • Кеше
Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда қаңтар оқиғасы бойынша 445 адам сотталды
Қазақстан • Кеше
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқарма басшысы сотталды
ANTIKOR • Кеше
ҚТЖ мен Әлия Назарбаева арасындағы келісімшарт күшін жояды
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді
Коронавирус • Кеше
Ұқсас жаңалықтар