Коронавирус • 09 Қыркүйек, 2021

EGU.kz – балаларды вакциналауға арналған ақпараттық ресурс

529 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Елімізде алғаш рет Ұлттық вакциналау күнтізбесіне сәйкес балалар вакциналары туралы барлық қажетті ақпарат жинақталған бірыңғай ресми ресурс іске қосылды.

EGU.kz – балаларды вакциналауға арналған ақпараттық ресурс

БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қо­ғам­дық денсаулық сақтау ұлттық орталы­ғымен (ҚР ДСМ ҚДСҰО), АҚШ Халық­аралық даму агенттігінің (USAID) қар­жылық қолдауымен балалардың жос­парлы вакциналауы туралы ресми ақпарат пен медициналық зерттеулердің нәтижелері жинақталған сайт әзірленді. Бірнеше ай бойы MedSupport дәрігерлері мен ғалымдар тобы ЮНИСЕФ-пен бірле­сіп қажетті деректерді іріктеп, ата-ана­лар мен Қазақстандағы иммундау та­қырыбына қызығушылық танытатын адамдар үшін EGU.kz сайтының құры­лы­мы, интерфейсі және контентін барынша қолайлы ету бойынша жұмыс атқарды.

Ақпараттық ресурста Ұлттық вак­ци­­на­лау күнтізбесіне енгізілген әр вак­ци­­наның толық сипаттамасы бар. Сайт­қа кірген кез келген адам вакцина қор­ғайтын инфекция­лармен танысып, қар­сы көрсетілімдер мен ықтимал жанама әсерлер туралы оқи алады. Сайттың іске қосы­луымен әрбір қазақстандық ата-ана аутизм және ҚПҚ вакцинасы туралы миф­тің қалай пайда болғаны, неліктен бала­лар екпелерінде сынап жоқ екендігі, сон­дай-ақ инъекция орнын сулауға бола­ты­ны әлде болмайтыны жайлы біле алады. Сондай-ақ вакциналау туралы алып­қашпа әңгімелердің толық тізімі мен оны әшкерлейтін сенімді ақпаратқа көз жеткізеді.

«Вакциналау мәселелері көпшілік пен бұқаралық ақпарат құралдарын жиі алаңдатады. EGU.kz сайтының негізгі міндеті – вакциналар туралы толық және сенімді ақпарат беру және республикада вакциналау жұмыстарын ұйымдастыру. Бұл платформа вакциналау саласындағы тәжірибелі мамандар және ғалымдар мен халықтың арасындағы ашық және шынайы диалогқа арналған. Осы арқылы әркім өзін толғандырған сұрақтарға кәсіби және ғылыми негізделген жауап ала алады», деді Санитарлық-эпиде­мия­лық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.

«Вакциналау – ата-аналар үшін балаларын жұқпалы аурулардың ауыр зардаптарынан қорғаудың жалғыз, тиімді және баламасы жоқ әдіс. EGU.kz сайтында сіз вакциналау туралы дұрыс, дәлелді және негізделген ақпаратты ала аласыз», деді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева.

Ресми ресурста Вакциналау күнтіз­бесі, Вакциналау орталықтары, Вакци­налар мен аурулар, мифтер, Сұрақтар мен жауаптар сияқты айдарлар бар. EGU.kz
сайтында ата-аналар вакциналардың түрлері туралы ақпаратқа қол жеткізіп, оның қауіпсіздігін тексерудің барлық кезеңі және өздерін мазалайтын мәсе­ле­лерге жауап таба алады. Сайт соны­мен қатар вакциналау тарихына қысқаша шолу жасайды және вакцинамен басқа­рылатын бірқатар жұқпалы ауруларды жеңу жолындағы адамзаттың алғашқы қадамдарын сипаттайды. Алдағы уақытта аталған ресурс балаларды жоспарлы вакциналау туралы өзекті статистикалық деректермен толықтырылады.

«Вакциналарды ойлап шығару – медицинаның ең үлкен жетістігі. Бұл – өзіңізді және балаңызды денсаулыққа қайтымсыз зиян келтіретін, кейде өлім­мен аяқталатын қорқынышты аурулар­дан қорғаудың ең тиімді және кейде жал­ғыз жолы. ХХІ ғасырда кейбір ата-аналар балаларын вакциналаудың тиімділігі мен қажеттілігіне қатысты әлі де күмәндануда. Дұрыс және ақпараттандырылған таңдау жасауға көмектесу үшін ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірге бұрын Қазақстанда болмаған бірегей сайт әзірледі. Ұлттық вакциналау күнтізбесіне кіретін вакциналар туралы барлық ақпаратты табу оңай және жеңіл. Бұл сайт ата-аналарға баласын вакциналау туралы маңызды шешім қабылдауда пайдалы құрал болады деп сенемін», деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен.

Сайт тұрғылықты жерге ең жақын вакциналау орталығын табуға мүмкіндік беретін картамен жабдықталған. Бала­ңызға жоспарлы егуді ұмытып кет­пеу үшін ата-аналар электронды күн­тіз­беге вак­ци­наны уақытында қою қажет­ті­лігі ту­ралы ескерту функциясын қолда­на алады.

«Біз осы жобаның бір бөлігі болға­ны­мызға қуаныштымыз. EGU.KZ сайты қазақстандық сәбилердің қауіпсіз және саламатты балалық шағы үшін ата-ана­лардың таптырмас көмекшісі болады!» деп түсіндірді Medsupport ұжымы.

Сайт ЮНИСЕФ Қазақстан мен Қа­зақ­стан Республикасы Денсаулық сақ­тау министрлігінің иммундау жүйе­сін күшейту жөніндегі бірлескен бағ­дар­ламасы шеңберінде әзірленген.

«Иммундау өмірді ғана құтқарып қой­майды, сондай-ақ балаларға, әйел­дер­­ге және отбасыларға өркендеуге мүм­кін­дік береді. Бұл маңызды веб-сайт­та бе­рілген ақпарат адамдарға вакцина арқы­лы алдын алатын аурулардың қау­пі­нен қор­ғануға көмектеседі. Нәтижесінде, бала­лар мектепте болып, ата-аналар өз от­басына қамқорлық жасап, қолдау көр­се­ту арқылы өз қоғамдастығы мен елінің эко­но­микалық өсуіне ықпал ете алады», дей­ді USAID/Орталық Азия миссиясы ди­рек­торының міндетін атқарушы Питер Янг.