Әлем • 09 Қыркүйек, 2021

Гвинеяда көтеріліс болды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гвинеяда әскердің арнайы жа­сағы мем­ле­кеттік төңкеріс жа­­сап, 83 жастағы президент Альфа Кон­дені қа­мауға ал­ды. Бұл оқиғаны халық­ара­­лық қоғамдастық айыптады.

Гвинеяда көтеріліс болды

Төңкеріс жетекшісі және елдің арнайы күш­те­рі­нің бастығы, полковник Мамади Думбуя жек­сен­біде штаттық трансляцияларда елдің конституциясы тоқтатылғанын, үкімет таратылғанын және шекаралар жабылғанын, елде коменданттық сағат ен­гізіл­генін хабарлады.

Думбуяның айтуынша, барлық сая­си тұтқын бо­са­тылған. Сондай-ақ би­лік 18 ай ішінде уа­қыт­ша үкіметке бе­рі­леді. Осылайша, 11 жыл бойы ел бас­­қарған 83 жастағы президент би­лік­­тен кетті.

«Егер элита халықтың пікірін ескеріп, жағдайын жа­самаса, онда халыққа бостандық әперу әскердің қолында», деді Думбуя.

Толқулар басталғаннан кейін президент қайта көрінген жоқ. Бірақ әлеумет­тік желілерде таралған суреттер мен кадр­ларда жалаңаяқ, джинсы шалбар мен жартылай ашық көйлек киген оның диванға сүйеніп тұрғаны, әскерлердің қоршап алғаны көрінеді.

Думбуя президенттің және басқа да жоғары лауазымды шенеуніктердің қамауға алынғанын хабарлады. Сондай-ақ ол министрлер мен мекеме басшыларын кездесуге шақырып, келмегендерге жаза қолданылатынын ескертті.