Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні футболдан 2022 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирінің кезекті тур ойындары өтті. Қазақстандық жанкүйерлердің назары Босния мен Герцеговинаның Зеница қаласына ауды. Себебі дәл сол шаһардағы «Билино Поле» деп аталатын стадионда жерлестеріміз аталған мемлекеттің өкілдерімен шеберлік байқасты.

Төреші белгі берген бетте алаң иелері ойын тізгінін қолға алып, толассыз шабуылдар ұйымдастырды. Әсіресе, Босния мен Герцеговина құрамасының басты жұлдызы және капитаны Эдин Джеко біздің қорғаныс шебімізді жиі мазалады. Ол бірнеше мәрте жақсы соққылар жасап, әдемі пастар берді. Финттері қандай керемет десеңізші... Одан бөлек, Миралем Пьянич, Саед Колашинац, Ади Налич және Эрмедин Демировичтің де тегеурініне төтеп беру оңайға соқпады. Шыны керек, бірінші тайм барысында қазақстандық футболшыларға сәттілік жолдас болды. Олай деуге негіз, өз қақпамыздың маңында ойыншыларымыз жиі қателесті. Ал ол мүмкіндікті босниялықтар ұтымды пайдалана алмады. Олардың тепкен доптарының көбі қақпадан қиыс кетіп жатты. Кейбір тұста қорғаушылардың аяғына тиіп, кері қайтты. Әйтеуір, абырой болғанда бұл қауіптің бәрінен құтылдық.
Бірінші кезеңде тым епсіздеу көрінген біздің команда үзілістен кейін батыл қимылдай бастады. Нәтижесі оң болды. 52-минутта Асхат Тағыбергеннің бұрыштамадан берген добын Исламбек Қуат қақпаға дәл түсірді – 0:1.
Қазақстан алға шыққанымен, қорғаныста жатып алған жоқ. Біраз уақыт бойы бар күш-дәрменімен алға ұмтылған босниялықтардың шабуылдарына тойтарыс берді. Өздері де бірнеше рет қорғаныс шебін бұзып өтуге талпыныс жасады. Бұрыштама добын да бірінен кейін бірін берген сәтте Балқан тауы бөктері сапарынан олжалы оралсақ деген үмітіміз одан сайын ұлғая түсті. Бірақ бір мезетте бәрі өзгергендей болды. 75-минутта төреші біздің қақпаға күмәнділеу 11 метрлік айып добын белгіледі. Миралем Пьяничтің соққысын Игорь Шацкий кері қайтара алмады – 1:1. Одан кейін де алаң иелері қарқынын бәсеңдетпеді. 86-минутта қазақстандық қорғаушылар қателесті – бұрыштамадан берілген допты Лука Менало торда тулатты. Есеп – 2:1.
Десек те, жоғарыдағы жағдай біздің жігіттердің жігерін жасыта алған жоқ. Негізгі уақытқа төреші тағы алты минут қосты. Сол уақыт есепті теңестіру үшін жеткілікті болды. Айып добын мінсіз орындаған Бақтиер Зайнутдинов барша қазақстандық жанкүйерді қуаныш пен шаттыққа бөледі – 2:2. Осылайша, кеше түнде Талғат Байсуфинов жаттықтыратын Қазақстанның ұлттық құрамасы әлемдік доп додасының іріктеу турниріндегі өзінің үшінші ұпайына қол жеткізді.
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Кеше
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Кеше
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Кеше
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Кеше
Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады
Қазақстан • Кеше
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Аймақтар • Кеше
Бішкекте қазақ кинолары көрсетілді
Кино • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық сотталды
Оқиға • Кеше
Алматыда екі көше жартылай жабылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар