Әлем • 09 Қыркүйек, 2021

Ауғанстанда әйелдерге спортпен айналысуға тыйым салынды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәлібтер әйелдерге, оның ішінде ұлттық құрама мүшелеріне Ауғанстанда спортпен айналысуға тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауғанстанда әйелдерге спортпен айналысуға тыйым салынды

Бұл туралы «Талибан» (Қазақстанда ұйымға тыйым салынған) басшысының мәдениет жөніндегі орынбасары Ахмадулла Васик SBS News -ке берген сұхбатында айтты.

«Васик егер әйелдер спортқа қабылданса, олардың беті мен денесі бақылаушылардың алдында болатынын алға тартты. Ислам мен Ислам Әмірлігі бұған жол бермейді», деді ол.

Ахмадулла Васик үкіметтің бұл мәселеде ымыраға келмейтінін және «ислам құндылықтарына» опасыздық жасамайтынын айтты. Оның айтуынша, әйелдер қажет болған жағдайда ғана далаға шығуға құқылы, ал спорт қажеттілік емес.

15 тамызда тәліптер Ауғанстан аумағын толық бақылауға алғанын мәлімдеді. Елдегі билікті басып алғаннан кейін қозғалыс өкілдері шариғат заңы аясында әйелдердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеміз деп уәде берді.