Бұл туралы vesti.kz сайты мәлімдеді.
Дереккөздің айтуынша, футболшының тапсырған тесті тыйым салынған заттардың іздерін көрсеткен. Осы себепті Руслан Валиуллин Босния мен Герцеговинаға қарсы іріктеу матчына қатыспаған.
Оның бойынан дәл қандай зат табылғаны және допинг-тест қай матчтан кейін алынғаны әлі белгісіз.
Валиуллин салған екі голдың арқасында Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтанда өткен матчта Украинамен 2:2 есебімен ойнады.
Айта кетсек, бұған дейін БАӘ чемпионатында допинг қолданғаны әшкереленген Қазақстан құрамасының экс-капитаны Бауыржан Исламхан екі жылға ойыннан шеттетілген болатын.