Әлем • 09 Қыркүйек, 2021

ХОК Солтүстік Кореяны Олимпиададан шеттетті

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Олимпиада комитеті КХДР Ұлттық Олимпиада комитетінің қызметін 2022 жылдың соңына дейін тоқтатты. Бұл туралы  ХОК басшысы Томас Бах хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

ХОК Солтүстік Кореяны Олимпиададан шеттетті

КХДР құрамасы 23 шілде - 8 тамыз аралығында өткен Токио Олимпиадасына қатысқар жоқ.

«Ойындарға тек КХДР қатысқан жоқ. Олар жарғыны бұзды, өз міндетін орындамады. Біз КХДР Ұлттық Олимпиада комитетінің жұмысын 2022 жылдың соңына дейін тоқтатуды жөн деп шештік. ХОК шеттету кезеңін қайта қарау құқығын өзіне қалдырады», деді Бах ХОК баспасөз конференциясында

«КХДР уақытша шеттету кезінде ХОК бағдарламаларының қолдауына немесе орындалуына арқа сүйей алмайды. Егер КХДР спортшылары іріктеу жарыстарының нәтижесі бойынша Бейжің Олимпиада ойындарына іріктелсе, ХОК Атқарушы кеңесі оларға қатысты тиісті шешім қабылдайды», деп қосты ол.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Қытайда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына да қатысады.