Елорда • 09 Қыркүйек, 2021

Елордада қоғамдық көліктер қалыпты режимге ауысты

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда енді жексенбі күндері де қоғамдық көлік жүретін болады. Бұған дейін сенбі күндері автобустардың жұмысына рұқсат етілген болатын, деп жазады Egemen.kz.

Елордада қоғамдық көліктер қалыпты режимге ауысты

Қоғамдық көлік енді аптаның барлық күні сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін штаттық режимде жүретін болады.

«Қоғамдық көліктер күн сайын дезинфекциядан өтелі. Автобуста маска режимін сақтау міндетті екенін еске саламыз. Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол жүру төлемі тек қолма-қол ақшасыз: көлік картасымен немесе QR-кодты сканерлеумен жүзеге асырылады», деп жазылған қала әкімінің ресми сайтында.