Спорт • 09 Қыркүйек, 2021

Ертең Шымкентте нысана көздеуден Азия чемпионаты басталады

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Шымкентте нысана көздеуден ересектер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталады. Бұл жарыста 11 мемлекеттен келген 160 спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең Шымкентте нысана көздеуден Азия чемпионаты басталады

Шырайлы Шымқалада бас қосқан Қазақстан, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, Бахрейн, Индонезия, Пәкістан, Таиланд, БАӘ және Өзбекстанның құралайды көзге атқан мергендері он күн бойы сайысқа түсіп, сары құрлықтың үздіктерін анықтайтын болады. Жарыс жолына шығатындар арасында халықаралық және құрлықтық деңгейде жүлде алып жүрген саңлақтар да бар. Олар 78 жүлде жиынтығын сарапқа салады.  

Бұл додада Қазақстан құрамасы сапында мына спортшылар өнер көсретеді: Елизавета Пушкарева, Илья Федин, Елизавета Король, Юрий Юрков, Андрей Худяков, Алексей Клейменов, Ислам Усейнов, Владимир Исаченко, Диана Харченко, Ольга Аксенова, Әлия Аушамова, Бақтияр Ыбыраев, Елизавета Безрукова, Никита Чирюкин, Руслан Юнусметов, Ирина Локтионова, Арина Алтухова, Елдар Иманқұлов, Ярослав Махнев және Александра Ле.