Футбол • 09 Қыркүйек, 2021

УЕФА Қазақстан құрамасының футболшысына қатысты іс қозғады

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Тобыл» футбол клубы Руслан Валиуллиннің допингке қарсы ережелерді бұзу ықтималдығына байланысты УЕФА тарапынан тәртіптік іс қозғалғаны туралы ақпарат алды, деп жазады Egemen.kz.

УЕФА Қазақстан құрамасының футболшысына қатысты іс қозғады

Барлық ақпарат клуб ішіндегі құзыретті мамандарға жеткізілді, қазіргі уақытта тыйым салынған заттардың футболшының қанына қалай енгенін анықтау үшін ішкі тексеру жүргізілуде.

«Клубтың тағы бір футболшысы Сергей Малый мен Руслан Валиуллиннің допинг-сынамасы Конференция Лигасы 3-кезеңі аясындағы «Жилина» – «Тобыл» матчынан кейін алынды. Сынақ нәтижесі футболшының жеке поштасына 2 қыркүйекте жіберілді. Ол уақытта футболшы Қазақстан құрамасы делегациясының құрамында Финляндияға аттанған болатын», делінген хабарламада.

Клуб қазір істі мұқият зерттеу мақсатында ҚФФ заңды органдарымен үнемі байланыста екенін жеткізеді.