Қоғам • 09 Қыркүйек, 2021

Онлайн санақтан өткен қазақстандықтар саны миллионнан асты

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда онлайн санақтан өткендердің қатары миллионнан асты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Онлайн санақтан өткен қазақстандықтар саны миллионнан асты

«Қазір санақтан өткендер саны бойынша екі мегаполис, яғни Алматы мен Нұр-Сұлтан  қалалары алда. Ал Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстары бұл көрсеткіш бойынша соңғы орында», деді бюро басшысы.

Қазіргі уақытта респонденттерге санақтан онлайн режимде өту үшін бірнеше платформа қарастырылған: sanaq.gov.kz сайты, E-Gov порталында тіркелу және Aitu мобильді қосымшасы. Азаматтардың ыңғайлылығы үшін санақ бұрыштары ұйымдастырылды.

«Аумақтық статистика департаменттерінде, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, Казпочта филиалдары және ірі сауда орталықтарында санақ бұрышы қарастырылған. Ол жерде респонденттерге санақтан онлайн режимде өтуге біздің консультанттар көмек беруде», деп атап өтті бюро басшысы.

Ұлттық статистика бюросы азаматтарды онлайн санақтан өтуге шақырды: sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы қолжетімді болмақ. Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады.